4 курс курсанттарының кәсіби бағдар жұмысы

Мектепте өткізілген кәсіби бағдар оқушыларға қазіргі заман талабына сай мамандықтармен танысуға көмектеседі,  балаларға өз-өздерін тануға және кәсіби дамуға ынталарын жетілдіреді.

Кәсіби бағдардығ міндеттеріне: кәсіппен танысу, оның мазмұнымен, еңбекті сүюді қалыптастырады. Кәсіби бағдардың көмегімен оқушыларды өз күштерін кәсіби талаптармен салыстыруға болады, сонымен қатар жеке мәліметтерін ескере отырып өз таңдауларын жасауға көмектесуге болады.

Курсант Ә. Қабаев ШҚО Риддер қ. орта мектебінің оқушыларымен

Кәсіби бағдар жұмысының негізгі ерекшелігі оқушыларға саналы түрде болашақ мамандығын таңдау, жоғары сынып оқушыларына болашақ қызметіне жеке көз қарасын қалыптастыру, оларды өз мүмкіндіктерін бағалауға болып табылады. Кәсіби бағдардың арқасында мектеп бітірушілер өздерінің кәсіби жоспарларын саналы қалыптастырады.

Осылай, қызмет атқару орындарына кәсіби тәжірибие өтуге  жіберілген ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4 курс курсанттарымен орта мектеп оқушылары және колледж түлектерімен кәсіби бағдар жұмысы жүргізілуде.

курсант М. Нұржанов Тараз қ. «Парасат» колледжінің студенттерімен

Курсант Ә. Сүлейменова Талдықорған қ. орта мектебінің оқушыларымен

 

Курсанттармен Қазақстан Республикасының келесі облыстарында:

Астана қ. ІІД-366 оқушы, Алматы қ. ІІД – 63 оқушы, Алматы облысы ІІД – 277 оқушы, Ақтөбе облысы ІІД – 154 оқушы, ШҚО бойынша ІІД – 416 оқушы.

Үгіттеу жұмыстарына Қостанай академиясының 4 курсының 201 курсанты қатысуда, 52 мектепке барды, Қазақстанның барлық облыстарынан 3486 оқушыға үгіттеу жүргізілді.

Курсант А. Көбентаев Алматы қ. орта мектебінің оқушыларымен

Курсанттармен өздерінің мамандықтары туралы ақпараттар бойынша дәрістер оқылады, топтық сұқбаттар, кәсіби бағдарлық кеңестер береді, Академия туралы бейнематериалдыр көрсетіледі.

Кәсіби бағдардың нәтижесі болып азаматтың кәсіби бағыты және адамға мамандықтар мен кәсібтердің қойылатын талаптары мен өзі туралы ақпараттарды салыстыру негізінде оның саналы түрде кәсіби өзін-өзі тану табылады.

 

 

Курс бастығының орынбасары

полиция капитаны

А. Примкулов