Практикалық қызметкерлермен кездесу

2017 жылдың 4 наурызында  Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 310 взвод курсанттары кураторлық сағат аясында Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК Қостанай облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің УК-161/12 мекемесінің қызметкерлерімен куратор полиция капитаны Карымсакова Д.Т. ұйымдастыруы негізінде кездесу өткізілді.

Әділет майоры Турымов Алибек Рапхатович- Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/12 мекемесінің режим бөлімінің бастығы және  әділет капитаны  Скендирова Гульшат Мусаевна Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/12 мекемесінің тәрбие бөлімінің жасақ бастығы курсанттармен өзідерінің тәжірибелерімен бөлісті. Қазіргі таңда олар ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының магистратурасында 1 және 2 курста оқып жатыр.

Шақырылған қонақтар Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/12 мекемесі Қазақстан бойынша жалғыз түрме екенін айтып кетті. Олар түрменің өзге түзеу мекемесінен айырмашылығын жедел және режимдік бөлімдегі жедел уәкілдің жұмысы туралы, жасақ бастығы, мекеме бастығының кезекші көмекшісі және кадр бөлімі, бақылау қызметі бөлімі, сондай-ақ өздерінің мекемеде атқарған міндеттері туралы айтып берді.

Қонақтар мекемедегі қызметкерлердің профессионалдық қорғау жайлы сұрақтарды қозғады, ҚАЖ қызмет атқару жылдарына қатысты жеңілдіктері туралы айтып берді.

Әңгімелесу нәтижесінде, ҚАЖ қатысты қызмет атқару тәртібі, бас бостандығынан айыру орындарындарында сотталғандармен жұмысы туралы курсанттар сұрақтарына толық жауап алды.

Кездесу сонында қонақтар құқық қорғау органдарының қызметкері бірінші кезекте үлкен көлемде заң білімін ғана емес, педагогика, психология және т.с.,оған қоса жауапты, өзіндік үйрену қабілетті болуы кажет деп атап өтті және курсанттарды болашақта олардың практикалық жұмысында қажет болатын, оқу жүйесінде нормативтік-құқықтық актілерді және арнайы әдебиеттерді  терең оқуға шақырды.

Курсанттардың айтуы бойынша, осындай кездесулер теориялық материалдарды жақсы қабылдауға септігін тигізеді. Курсанттар қызметкерлердің жоғары профессионалды дәрежесі таңқалдырып олардың болашақта жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізді

Әділет майоры Турымов Алибек Рапхатович және әділет капитаны Скендирова Гульшат Мусаевнаға қызықты да танымды сұхбаттасқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

310 оқу тобының кураторы

полиция капитаны

Д.Т. Карымсакова