Курсанттардың денсаулыққа пайдалы демалыс күнін өткізуі

2017 жылы наурыз айының 5-ші күні сағат 15-00 ден сағат 19-30 дейін 1-курс  103-топ тыңдаушыларымен бірге, Қостанай қаласының «Осьминог» аквапаркіне демалыс күнін денсаулыққа пайдалы өткізу іс-шарасы жүргізілді.

Курсанттар аквапарктің мамандарымен бірге жүзу тәртіптері мен ерекшеліктері туралы сабақтарын алды. Жүзудің денсаулыққа үлкен пайда беретін тәсілдерін үйрену және оларды орындаудың ерекшеліктерімен танысты. Аквапарктің мамандарымен жүзуді білмейтін курсанттарға үйрету сабақтарын өткізілді.

Іс-шараларды өткізу кезінде курсанттар арасында жылдамдыққа жүзу, су астында ұзақ тұру, су астында жүзу, артпен жүзу  және тағы басқа жүзудің тәсілдер і бойынша жарыстар өткізілді.

Аквапарк мамандарымен курсанттардың денсаулығына пайдалы әрекеттерді жасау мақсатында, оларға аквапарктің «джакузи» аймағын пайдалануға кеңестер берілді. Аталған аймақ курсанттарға жақсы әсер етіп, өздерінің шаршаған белгілерінің жоюлуына әсер еткендерімен бөлісті.

Курсанттардың аквапаркте жүзу мен денсаулыққа пайдалы әдістерді меңгеруі бойынша алған сабақтарының соңында, курсантар қалған уақыттарын  аквапарк ішіндегі ойын-сауық аймақтарында уақыттарын өткізді.

Топ жетекшісі: Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының

аға оқытушысы, полиция майоры

Кайнар Ерболат Ержанұлы