Алғыс айту күні

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланған болатын. Толығырақ тоқталатын болсақ, 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел — бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлей отырып, ел юасымых Н.Ә. Назарбаев халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алған еді. «Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», — деген еді Президент.

Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды — киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», — деді ол. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде — 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады — барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді», — деді Қазақстан Президенті. Сондықтан 2016 жылдың 14 қаңтарында ел Президенті өз жарлығымен тағы бір мемлекеттік мерекені бекіткен болатын.

Содан бері міне биыл екінші жыл 1 наурыз алғыс айту күні мерекесі аталып өтуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында 1 курс магистранттарымен мемлкеттік — құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Мұратұлы Дастан кездесу өткізілді. Ол өзінің сөзін елбасының мереке өарсаңында айтылған сіздермен бастап, магистратура тыңдаушыларына тарихи мәліметтерді жеткізді.

Тура бір жыл бұрын бұл мереке ҚР Тұңғыш Президент кітапханасында Алғыс айту күніне арналған іс-шараға қатысқан Елбасы өз сөзінде қазіргі уақытта жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп, қан төгіліп жатқандығын, миллиондаған адамның босқынға айналғанын баса айтты.»Мұндай кезде адамдардың бірі — біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды еске алу аса маңызды. Бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды » деген сөздерінде осы мерекенің ең негізгі мақсаты айқындалады. мемлекеттік — құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Мұратұлы Дастан өз сөзін ұлт-аралық сыйластық болу керек, қазақ еліне пана іздеп келгендердің бізге деген алғысы сыйластығымыз болу керек және де ата-бабаларымыз мен ата — аналарымызға алғыс айта жүруіміз керек деп қортындылады.

Магистратура бастығы

полиция капитаны Д. Альжанов