Екі жақтың қызметкерлері өзара тәжірибе алмасты

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан түзеу мекемелерінің кезекші бөлім бастықтарының көмекшілері келіп, білімдерін толықтырып, тәжірибелерін арттыруда.

Осы келген қызметкерлер арасындағы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің кезекші бөлімнің аға испектор-кезекшісі, әділет майоры Азат Арықов, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесі тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі, әділет майоры Руслан Алимов және Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/2 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі, әділет капитаны Серик Сисейбин және Академияның кезекші бөлім бастығы полиция подполковнигі Арман Есжанов және Академияның №1, №2 бақылау өткізу бекетінің қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, ой бөлісті.

Кездесу барысында тәжірибе қызметкерлері Академияның қызметкерлеріне түзеу мекемелерінде БӨБ жұмысын кейбір құпия емес сырларымен бөлісті.

Дегенмен Академиядағы кезекші бөлім және БӨБ жұмысы тәжірибеден қарағанда әлде қайда жеңіл әрі заңға томпақ келмейді екен. Ал тәжірибедегі түзеу мекемелерінің кейбір жұмыстары қаржының тапшылығына байланысты кей келеңсіздіктер болатынын әділет майоры Руслан алимов тілге тиек етті.

Олардың айтуы бойынша кейбір кезекші бөлім және бақылап өткізу бекеті стандартқа сәйкес келмейді. Олай дейтін себебі, Академияның кезекшілік бөліміне қарағанда көлемі тарлау. Оларды кеңейтіп қайта салу үшін қаражаттың жоқтығы қол байлайтынын айтып өтті.

Аталмыш кездесуде оқу орны мен түзеу мекемесінің арасында көптеген мәселелер сөз болып, болашақта барлығы қалпына келетінін тілге тиек етіп өтті.

Тәжірибе қызметкерлері сөз арасында Академияның бақылап өткізу бекеті стандарттар мен талапқа сәйкес екенін алға тартып, жұмыстарына табыстар тіледі. Міне осылай екі жақтың ой бөлісуі нәтижелі аяқталды.

Кезекші бөлім бастығы

полиция подполковнигі

А. Есжанов