Сыйластыққа, мейірімге толы – жүрек!

Қол алысып, қәне, біз,

Алғыс айтайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Жақсы сөз айту, алғыс білдіру – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Психолог ғалымдардың айтуынша алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар — олар арқылы адамдар арасында жақсы қатынас орнатылып, адамның өзін-өзі бағалауы, сыйластық сезімдері оянады. Ең бастысы, алғысыңыз жүректен шығып, шын ниетпен айтылуы тиіс. Қазақстан халқында 1 наурыз алғыс айту күні болғандықтан, осы күні 208 оқу тобында «Мейірімді жүрек» тақырыбы бойынша тренинг жаттығуы өтті.

Тренинг жаттығуы өту барысында курсантттар бір-біріне сыйластықтарын, жылы сезімдерін, алғыстарын білдірді. Тренинг жаттығуына курсанттар қызығушылық таныта отырып, өз үлестерін қосты.

Жалпы айтқанда, тренинг жаттығуы ойдағыдай өтті.

 

208 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Турсумбаева