“Діни істер басқармассы мүшесімен кездесу”

Ақпан айының 28 – ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2 – курс басшылығы, 211 – 212 кураторы полиция майоры Байгабулова С.О және  күндізгі оқыту факультетінің оқытушы — әдіскері полиция майоры Акимжанов Е.С бірігіп Қазақстан діни істер басқармасы қызметкері  Нұрсұлтан Мырзахметұлымен    2 – курс курсанттарына кездесу ұйымдастырды. Кездесуден мақсат курсанттарға қазіргі уақыттағы әлемдік проблемаға айналған  «діни экстремизм және терроризмді» үгіт – насихаттау болатын.

01_10_1

Нұрсұлтан Мырзахметұлы Қазақстан қазіргі кезеңде экстремизммен күресудің  «Дағыстандық моделін» ұстанып жатқандығын айтты.Сондай – ақ, аталмыш мәселеге түсінік беріп, Сирия мәселесін тілге тиек етті.Сонымен қатар 2016 жылы діни экстремизмді насихаттайтын 250 – ден астам ғаламтор сайттарын тауып, оларды жойып тастағандарын да айтып, қоғам арасында жүрген теріс ағымдағы адамдар  және жиһадшылар мәселесін де айта кетті.

01_10_2

Әрине бұлар ислам дінін  қате түсінгендер және бұрыс ұстанғандар, — деп сөзін айяқтап, әрі қарай осы тақырыпта видеороликтер қойды. Онда террорлық әрекеттерге дайындау және жас балаларды да осындай лас әрі қатігез әрекеттерге  дайындайтын лагерді көрсетті, өкініштісі ол жерде қазақтың кішкентай жас балалары бар екен. Көрсетілім артынан курсанттар бірқатар сұрақтар қойыды.

01_10_3

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан