Академия бастығымен кездесу

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы Академияның 3 курс курсанттарымен кездесу өткізді. Кездесуге Академия басшылығы, 3 курс басшылығы, кадр бөлімі бастығы, КОФ бастығы, мониторинг бөлімі бастығы, тәрбие жұмысы бөлімі бастығы, бас бухгалтер, жеке құрам бойынша инспектор, медициналық бөлім бастығы, курсанттарды тамақтандырумен қамтамасыз ету бөлімі және оқу топ кураторлары мен 3 курстың жеке құрамы қатысты. Аталған қызметкерлердің барлығы курсанттардың оқу сапасының дамуы, қызметтік тәртібінің заңнамаға сай орындалуын, күнделікті тұрмысының жақсаруы және денсаулық жағдайының қалыпты болуын қамтамасыз етуші болып табылады.

Жиналыстың өткізілу фоматын Академия бастығы курсанттар өздерін еркін сезініп, ойларын ашып айту, мазалап жүрген мәселелерін шешу мақсатында сұхбат түрінде өткізуді жөн көрді. Және де курсанттардың қалыпты өмірін қамтамасыз етуші бұл барлық қызмет өкілдерінен атқарылған қызмет бойынша есеп алу барысында курсанттардың өз ойларын жеке сұрап, келеңсіз жағдайлардың алдын алу туралы жоспарларын айтып өтті.

Барлық жиналысқа қатысушы қызметкерлерге курстың моральдік-психологиялық тұрғыдан қалыпты жағдайлары оң болу үшін күнделікті жұмыс атқарылу тиіс екенімен қоса, мейірімділік ізгі ниетпен қарттар мен балалар үйіне көмек қолын созуымызға міндетті екенімізді айтып түсіндірді.

Ашық түрде өткен жиналыс соңында Академия бастығы Қызылов Мирлан Ахмедияұлы курсанттардың әр бірінің Академиямызды жандандырып, дамытуға үлес қосатын қызықты ой-пікірлерін сұрап, алдағы уақытта туындап жатса, ұсыныс білдіруге болатынын айтты.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,

3 курс курсанты

Ұлбосын Маликова

01_08_1 01_08_2 01_08_3 01_08_4 01_08_5 01_08_6