Академия бастығының орынбасары курсанттармен   жиналыс өткізді

2017 жылдың 28 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы  бастығының орынбасары полиция полковнигі Ақан Жақыпбекұлы Нұрышев 2 — курс курсанттарымен жиналыс өткізді.

01_05_1

Жиналыста 2 — курс курсанттарының жалпы оқу үлгірімі, тәртібі тағы басқа сұрақтар талқыланды.

Жиынға Академияның 2 курс басшылығы, күндізгі оқыту факультеті, тәрбие жұмысы бөлімі, кадр бөлімінің қызметкерлері сонымен қатар оқу топтарының жетекшілері қатысты.

01_05_2

Әуелі сөз кезегі Академияның медициналық бөлімнің бастығы Д.К.Ахметовке беріліп, ол өз кезегінде жалпы курсанттардың қазіргі уақыттағы денсаулықтарын күтініп жүру керектігін тілге тиек етті.  Сонан соң 2 — курс оқу әдіскері Е.С Акимжанов курстың жалпы жарты жылдық үлгерімдерінің қорытындысын баяндап және оқу озаттарының рейтенгісін айтып өтті. Курс бастығы полиция майоры А.Б. Кусеубаев 3 — ші семестр көлеміндегі өткізілген барлық тәрбиелік жұмыстарды және  жеке құрамның бүгінгі ахуалын сөз етті. Сондай — ақ курсанттар тарапынан да біршама сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарға ие болды.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,

2 курс курсанты

Думанжан Тұрсымбай