Мейіргүлдің мерейі үстем болды

Қазақстан Республикасы Ішкі  істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қазіргі уақытта көптеген спорт түрлері дамып келеді. Әсіресе самбо күресі және әскери самбомен біздің академияда қаншама курсанттар және қызметкерлер белсенді түрде айналысады. Бұл спорт түрлерінің арқасында Қостанай академиясы бүкіл Қазақстанға әжептеуір танылып, дүркіреп атағы шықты. Көптеген самбошыларымыз мықтылықтарын мойындатты және күш жігерлерін көрсете білді.

28_05_1

Полиция подполковнигі Танкибаев Руслан және полиция капитаны Кабидуллинов Ержан жаттықтыратын курсанттар бүгінде сенімді ақтап, Академия абыройын жоғары деңгейде қорғап жүр. Академияда өткізілген самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаттарында біздің біршама курсанттарымыз үмітімізді ақтап, ел чемпионы және күміс, қола жүлдегерлері атанды. Және де олар лайықты түрде республикамыздың спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткер атанды.

Бұдан бөлек көптеген спортшыларымыз ірі бәсекелерде бақ сынап, әр кез жүлделі орындардан көрініп келеді. Осындай спортшыларымыздың бірі, қызда болса, нәзіктігін ортаға көрсетіп жүрсе де, боз кілем үстінде ешкімге дес бермейтін палуан қарындасымыз,  1-ші курс курсанты, Ақтөбе күрес мектебінің түлегі, полиция қатарындағы Алимбаева Миргуль бүгінде Академиямыздың намысын қорғап жүр. Ол тек Академиямыздың ғана емес, Қостанай облысының сондай-ақ, Қазақстан Республикасының белді спортшысы болып саналады. Өйткені ол мықты жаттығуларының және қызу дайындығының арқасында Арқалық қаласында өткізілген ересектер арасында облыс чемпионатында 1-ші орын, Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы чемпионатында жүлделі орын және асыға күткен Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, 2-ші орын иегері атанды.

28_05_2

Академия ұжымы және барлық курсанттар Мейіргүлдің мерейі алдағы уақытта Азия чемпионатына қатысып және одан да бейік белестерді арта беруіне тілектестік білдіреді.

Академияның баспасөз хатшысы

Мейрам Оспанов,

 

Жауынгерлік және дене дайындығы

кафедрасының оқытушысы 

полиция капитаны

Кабидуллинов Ержан