Саптық дайындық

Қостанайдың қатты аязының беті қайттқалы бірнеше күн болды. Күн жылынып, Академия курсанттарына саптық даярлық өткізуге мүмкіндік туды.  Әсіресе әлі де саптық даярлықты қажет ететін 1 курс курсанттарына бұл ауа-райы қолайлылығын көрестіп тұр.

28_04_1

Ақпанның 23-і күні 1 курс курсанттары академия саптық алаңына шығып саптық даярлық өткізді. Саптық даярлықты 1 курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмуханов өзі өткізіп, қадағалады. 1 курс курсанттары саптық әндерін орындап, академия қызметкерлерінің назарын аударды. Көптен ауа-райына байланысты өткізілмеген саптық даярлық 1 курс курсанттары үшін пайдалы жағын көрсетті. 1 курс курсанттары бір сағат бойы саптық алаңда даярлық өткізсе де, тағы бір сағатқа дайын болғандарын көрсетіп, өздерін сергек сезінді.

28_04_2

Қазіргі 1 курс курсанттарының саптық даярлығын олардың оқу жылы басындағы даярлығымен салыстыру мүмкін емес. Қазір олар жоғарғы курс курсанттарымен бір деңгейде болмаса, олардан кем деп айту өте қиын. Енді ауа-райы қолайлы қалыпқа түссе 1 курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмуханов саптық даярлық жиі өткізілетінін курсанттарға жеткізіп, олардың саптық даярлыққа немғұрайлы қарауға болмайтындығын ескертті.

28_04_3

                                                                          1 курс курсанты Д.Әділдәбеков