«Діни экстремизм және терроризм» жайлы имамдар насихаттау жүргізді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 25 – ші ақпан күні имамдармен кездесу өтті. Алматы қаласы ҚМДБ  филиалы НҰР мешітінің имамы Құрмет Смағұл және найб имамы Сейт қажы Темірбекұлы келіп «діни экстремизм және терроризм актілеріне»  байланысты  біршама ақпараттар, деректер және түсініктер айтып, насихат жүргізді. Олар насихаттау барысында осы террорлық актілер жайлы және діни экстремизм жайлы, олардың бүгінде әлемдегі ахуалы, еліміздегі ахуалы жайлы айтып өтті. Сондай – ақ көптеген қауіпті, қате бағыттағы діни секталар барысында да сөздер қозғады. Мемлекеттік дініміз Ислам тұрғысында аз – кем сөздер айтылмады. Асыл дініміздің бейбітшілік пен татулықтың көрінісі екендігін және де ешқандай да террорлық және экстремизмді  қаламайтындығын ашық – айқын баян етті.

28_03_1

Сұрақ – жауап барысында курсанттар өздерін қызықтырған және білмейтін біршама сұрақтар қойып керекті ақпараттарын алды. Кездесу барысында имам мырзалар бүкіл Қазақстан имамдарының сауаттылығын және олардың туралықтарын анықтау үшін, әр 3 жылда ҚМДБ тарапынан аттестациялаудан өтетіндіктерін айтып кетті.

28_03_2

Кездесу өте қызықты өткені  соншалық күннің қалай батқанын байқамай қалыппыз. Және бұл сұхбаттан өмірлік сабақ алдып, алдағы уақытта қызмет барысында қажет боларына күмән келтірмейміз.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думажан