Жамбыл Жабаев – қазақ даласының ұлы ақыны

28_01_5

2017 жылғы 24 ақпанда 104, 105 оқу топтарының кураторлары қазақтың суырыпсалма ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 171 жыл толуына байланысты тақырыптық куратор сағатын ұйымдастырды.

Игілікті іс-шараның басында кураторлар ұлы ақынның өмір-деректеріне тоқталып, «Жамбыл Жабаев – Ұлт мақтанышы» тақырыбында слайд-таныстырылым, бейнеролик көрсетті.

28_01_1

Кураторлар Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қаузай берсең таусылмайтын құтты қазына екендігін ерекше атап өтті. Ол батырлар туралы дастандар жазып, қазақ халқының өміріне арналған өлең-жырлар шығарған. Ұлы Отан соғысы жылдарында оның отты өлеңдері майдандағы жауынгерлерді ерлікке үндеді.

28_01_2

Жамбыл Жабаев өзінің ғұмырын жалпыазаматтық құндылықтарға арнап, өлеңдеріне әділеттік пен отансүйгіштікті арқау етті. Ақын шығармалары әлемнің 50-ден астам тілдеріне аударылған. Оның шығармашылығы өзектілігін жойған жоқ, күні бүгінге дейін қазақстандық қана емес, шетелдік әдебиетшілердіңде айрықша зерттеу объектісіне айналуда. Жамбыл Жабаевтың мұрасы – қазақ халқының өмірі мен тарихының айнасы.

Іс-шараның соңында курсанттар ақынның «Ленинградтық өренім!» атты өлмес туындысын оқып Жамбыл Жабаев шығармашылығы отанды сүюге, қорғауға, құрметтеуге шақыратынын тілдеріне тиек етті. Бүгінгі басты мақсатымыз – өз Отанымызды батыл қорғай білу үшін бойымызға отанға деген шынайы махабатты дарыту деп білеміз.

Анна Медведева

105 оқу тобының кураторы
полиция капитаны

 

Алмагүл Сағалиева

104оқу тобының кураторы
полиция майоры

 

 

Жамбыл Жабаев – великий акын казахской степи

24 февраля 2017 года кураторами 104 и 105 учебных групп был организован тематический кураторский час, посвященный 171-летию со дня рождения казахского поэта-импровизатора Жамбыла Жабаева.

В начале мероприятия кураторы рассказали о биографии великого акына, продемонстрировали слайд-презентацию, видеоролик на тему: «Жамбыл Жабаев — Ұлт мақтанышы».

28_01_3

Кураторы отметили, что творчество Жамбыла Жабаева является уникальным руководством и неисчерпаемым богатством в деле воспитания подрастающего поколения. В своих песнях он слагал героические поэмы о батырах, рассказывал о жизни казахского народа. А в годы Великой Отечественной войны его пламенные стихи вдохновляли воинов.

Жамбыл Жабаев посвятил свою жизнь продвижению общечеловеческих ценностей, воспеванию справедливости и патриотизма. Его произведения переведены более чем на 50 языков мира. Творчество актуально и по сей день и является объектом пристального изучения не только казахстанских, но и зарубежных литературоведов. Наследие Жамбыла Жабаева – это зеркало жизни и истории казахского народа.

28_01_4

В завершении мероприятия курсанты прочитали его бессмертное стихотворение «Ленинградцы, дети мои!», и отметили, что творчество Жамбыла Жабаева призывает нас любить, защищать и уважать Родину! Наша главная цель сегодня – проявлять храбрость, героизм и любовь к своему Отечеству!

Куратор 105 учебной группы
капитан полиции

Анна Медведева

 

Куратор 104 учебной группы
майор полиции

АлмагульСагалиева