Курсантты тәртіпке баулу.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 – курс курсанттарымен бірқатар тәбиелік жұмыстар жүргізілуде. Бұл тәрбиелік жұмыстардан мақсат – курсанттардың  кәсіби біліктіліктерін, азаматтық және өмірлік ұстанымдарын, еңбек ету қабілеттерін қалыптастыру, бастысы нағыз тәртіп сақшысына лайық мінез – құлық және қасиеттер қалыптастыру болып табылады.

24_06_4

 Бізде курсанттармен  аптаның әр күнінде: кураторлық сағаттар, дөңгелек үстелдер, концерттік кештер, әңгімелесу мен сұхбатдасулар, кездесулер, байқаулар сондай – ақ курсанттарды патриоттық тәрбиелеу, адамгершілік – эстетикалық тәрбиелеу, еңбекке баулу  және академия аумағын тазалау тәрізді бір қатар тәрбиелік жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Сонымен қатар курсанттарға: киім үлгісін және дене тазалығын дұрыс сақтамағаны үшін, тыйым салынған әрекеттер мен заттарды орынсыз пайдаланғаны үшін, жалпы академия ережесін бұзғаны үшін бірқатар ескертулер, сөгіс және қатаң сөгістер, сондай – ақ  кезектен тыс нарядтармен жазаланады. Ал керісінше, курстың және академияның күнделікті тыныс – тіршілігіне, іс – шараларына белсене қатысқан курсанттарды мадақтап, алғыс және көтермелеу сейілдемесімен марапаттаймыз.

Спорт жағынан да көптеген спартакиядалар, іс – шаралар, курс аралық және взвод аралық жарыстар ұйымдастырып, чемпион болған топпен курс басшылығы өзара суперкубокты сарапқа саламыз. Міне осындай спорттық тәрбиелік жұмыстардың арқасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келеміз. Қазіргі сәтте 2 – курс курсанттары академиядағы ең көп спортшылары бар курс саналады. Және де бірқатар курсанттарымыз өткен жылы самбо, жауынгерлік самбо және қоян қолтық ұрысынан өткізілген Қазақстан Республикасының чемпионаттарында академия намысын қорғап, еліміздің чемпионы және күміс, қола жүлдегерлері атанып, академия тарихындағы үздік нәтижеге қол жеткізді.

 Осындай тәрбиелік жұмыстардың арқасында курсанттарымыз « әрекеттен – берекет» туарын ұғынып, «еңбек ерді нағыз ер қыларын» түсініп, қаншама ардагерлеріміздің, қарттарымыздың істеген еңбектерін елеп, ол кісілерді өздеріне үлгі тұтып, мерекелерінде сыйлық сыйлап, құттықтайтын болды.

2 – курс бастығы

полиция майоры

Кусеубаев А.Б

24_06_3 24_06_2 24_06_1