«Мәңгілік Ел- біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»

«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті». Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

24_02_1

Ұлттық идея — халық мұраты. Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Осы тақырып төңірегінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы Дәурен Болатұлы Тойматаев МКМ «Қоғамдық келісім» жастар арасында өткізген іскерлік ойынға қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Облысымыздың бес колледжі ат салысты. Іскерлік ойын Географиядан бастап рухани құндылықтарды қамтитын үш кезеңнен тұрды. Колледж студенттері өз білімдерін, іскерліктері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Біздің күшіміз – бірлікте, дегендей оқу орындарының арасындағы осындай өзара байланыс, қарым-қатынас пен бәсекелестік бірлігіміздің кепілі бола алады.

24_02_2

Әлеуметтік — гуманитарлық

пәндер кафедрасының бастығы

полиция полковнигі

Д. Тойматаев