Академияда Жолдау кеңінен насихатталды

2017 жылғы 22 ақпан күні  Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы, 2-3 курс курсанттарымен «Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты» мекемесінің директоры, қоғамдық кеңес хатшысы — Вишниченко Валерий Георгиевичпен кездесу өткізілді.

23_04_1

Кездесу барысында Вишниченко Валерий Георгиевич мырза халық қалаулысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның  үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша баяндады.  Бұл Жолдауда Елбасы Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнаған. Еліміздің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өткенін мақтан тұтуымыз керектігін түсіндірді. Курсанттар жолдауда  2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болғанын, биылғы Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтуіне еліміздің дайындығы туралы, сондай-ақ мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткізгелі тұрғанымызды саналарына түйіп алды.

23_04_2

23_04_3

23_04_4

Академия курсанттарының баспасөз қызметі

3 курс курсанты

полиция сержанты

Г. Тельман