АШЫҚ АЙМАҚТЫҚ ПІКІР САЙЫС ТУРНИРІ

2017 жылғы 18-19 ақпан аралығында Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі III-ші «Жастар – болашақтың бастамасы!» атты тақырыптағы ашық аймақтық пікір сайыс турнирі өтті.

23_03_1

Осы пікір сайыс турниріне Академия курсанттары МҚП кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Г.М. Цойдың жетекшілігімен барды.

23_03_2

Пікір сайыс турниріне келесі жоғары оқу орындарынан 32 команда қатысты: ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, ҚР ІІМ Алматы академиясы, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті Көкшетау техникалық институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті сонымен қатар Астана қаласы жоғары оқу орындарының: Астана қ. Назарбаев университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің студенттері.

23_03_3

Турнирдің мақсаты еліміздің болашағы-жастарды «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақыру, соған орай өз үлесін қосу,  негізгі басатамаларымен танысу  болып табылды.

23_03_4

Қазақстан Республикасы Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Оратор» пікір сайыс ұжымының атынан ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі  Қызылов Мирлан Ахмедияұлына қолдау білдіргені үшін алғыстарын айтты.

23_03_5

БПФ және АПФ форматы қорытындысы бойынша қазақ лигасында келесі қатысушылар марапатталды:

3- орын «Курсант мырзалар» – Г. Тельман, Е. Қамбар (ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы);

3- орын «Шырақбек шәкірттері» – Р. Ильясов, А. Каиырбекова (ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы);

23_03_6

23_03_7

 

ҒЗжРБЖҰБ ғылыми қызметкері

полиция лейтенанты Р.К. Байдильдина

 

ҒЗО ғылыми қызметкері

полиция капитаны Қ.Н. Ташенов

 

3 курс курсанты

полиция сержанты

Г. Тельман