Білім мен тәжірибені үйлестіру барысы

2017 жылдың 15 ақпаны күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқып жатқан 3 курс 312 оқу тобының курсанттарымен Алматы қаласы бойынша Ішкі істер Департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметінің келіссөз жүргізуші инспектор-психологы полиция майоры Исакулов Ғалымжан Алмешевичтің қатысуымен «Пенитенциарлық педагогика» пәні бойынша тәжірибелік қызметкерді тарту сабағы өткізілді. Ғалымжан Алмешевич сабақ барысында өзінің қысқа еңбек жолымен таныстырып, атқарып жатқан қызметінің ерекшеліктері, ЖҚАЖ инспектор-психологының атқаратын міндеттері, қызмет барысында кездесуі мүмкін қиындықтар, қызметке қабылдану үшін қойылатын талаптар және тағы да басқа сұрақтар бойынша ақпараттар беріліп курсанттар тарапынан қойылған сұрақтарына қажетті жауаптар алынып жағымды кері байланыс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ол өзінің еңбек жолымен таныстырып өтті. Алдағы уақытта өскелең ұрпақ ретінде ізбасар болып келе жатқан курсанттардың еліміздің болашағы екендігін атап өтті және оларға өзінің өмірлік бағалы кеңестерін берді. Жақсы маман болып қалыптасу үшін теориялық білімнің маңыздылығы жайлы айтылып, курсанттар үнемі ізденіс үстінде болып, өздерін жан-жақты дамытуы қажет екендігін ескертті, сабақ соңында курсанттарға оқуда және келешектегі қызметте табыс тіледі.

16_01_1

16_01_2

16_01_3

Педагогика және психология

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры Б. Абдықалықов