Тәжірибелік қызметкерлерден үйренеміз: экстремизмге қарсы әрекет

15_02_1

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тәжірибелік қызметкерлерді тарту жоспарына сәйкес ішкі істер органдарының психологтарына ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-әрекет бойынша департаментінің қызметкері Р.Р. Абишев сабақ өткізді.

Ауқымды материал деструктивті діни ұйымдарды, және олардың адамдарға әсерін қамтыды.  Экстремизм мен фанатизмге қатысты мәселелер, тұлғаның фанатикалық көзқарасының алдын алу, сонымен қатар, белсенді талқылаудың тақырыбы болды.

15_02_2

Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары қарастырылып отырған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Діни фанаттардың ағымына түскен адамдарға психологиялық әсер ету мәселелерін талқылауға, деструктивті діни ағымдардың мүшелерімен келіссөздер жүргізу және т.б. осы тақырыпқа қатысты мәселелер оқу сабағында қарастырылып талқыланды. Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары ҚР ІІМ өкілімен әңгімені жалғастыру үшін қосымша уақыт сұрады.

15_02_3

Сонымен қатар, осы сәтті қолданып, Р. Абишевпен кездесіп деструктивтік діни ағымдармен күрес мәселелерін талқылау үшін Академия қызметкерлері де шақырылды.  Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты Г. Кужабаева бұл мәселемен жылдар бойы айналысуда. Аталған тақырып бойынша диссертация қорғап, қазіргі уақытта ішкі істер органдары қызметкерлерін теологиялық сауаттандыру бойынша мақалалар қатарын жариялады. Сондықтан, білімі бойынша әоіптесімен кездесу өте тиімді болды.

15_02_4

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Дінтану» пәні бойынша оқытушылары Б. Альпеисов пен М. Туйгановтың да терроризммен және экстремизммен күреске қатысты сұрақтары аз болмады.  Сондықтан Экстремизмге қарсы әрекет департаментінің қызметкерімен кездесу – бұл бәрінен бұрын тәжірибе алмасу және болашақтағы қызметтестік.

15_02_5

Тәжірибелік қызметкерлерді тартумен өткен сабақтың оңды әсері анық. Оқытудың бірінші аптасында сабақ өткізу үшін ішкі істер органдарының түрлі бөліністерінен 6 қызметкер шақырылды. Теориялық оқыту мен тәжірибе алмасудың өзара әрекеттестігі ведомстволық оқу орнында оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты

Г.Жандарбекова

Б.Нуркина

  

 

Учимся у практиков: противодействие  экстремизму

В соответствии с планом привлечения практических работников Института повышения квалификации и переподготовки занятие для психологов органов внутренних дел провел сотрудник Департамента по противодействию  экстремизму  МВД РК Абишев Р.Р.

Обширный материал, касался деструктивных религиозных организаций, их влияние на людей. Проблемы, связанные с экстремизмом и фанатизмом,  предупреждение фанатического мировосприятия личностью также стало темой для активного обсуждения.

Слушатели курсов повышения квалификации с большим интересом отнеслись к рассматриваемой теме. Огромное количество вопросов, связанных с обсуждением проблем психологического воздействия на людей, попавших под влияние религиозных фанатиков, ведение переговоров с членами деструктивных религиозных течений и многое другое, связанное с данной проблемой было рассмотрено на учебном занятии. Слушатели даже попросили дополнительного времени для продолжения беседы с представителем МВД РК.

Пользуясь случаем, на встречу с Абишевым Р., для обсуждения проблемы борьбы с деструктивными религиозными течениями были приглашены и сотрудники Академии. Начальник ИПО кандидат юридических наук  Кужабаева Г. занимается данной проблемой не первый год. Защитила диссертацию по данной тематике, в настоящее время выпустила ряд статей по теологическому просвещению сотрудников органов внутренних дел. Поэтому встреча с коллегой, теологом по образованию, была достаточно продуктивной.

У преподавателей кафедры Социально-гуманитарных дисциплин, ведущих занятия по дисциплине «Религиоведение» Альпеисова Б. и  Туйганова М.  также возникло немало вопросов по проблеме борьбы с терроризмом и экстремизмом. Беседа с представителем Департамента  по противодействию  экстремизму — это прежде всего обмен опытом,  и конечно будущее сотрудничество.

Положительный эффект проведения занятий с привлечением практических работников очевиден. Для проведения занятий в первую неделю обучения на курсах повышения квалификации были привлечены 6 сотрудников из различных подразделений правоохранительных органов, ведь взаимодействие теоретического обучения и опыт практики является неотъемлемой составляющей обучения в ведомственном учебном заведении.

Институт повышения квалификации и переподготовки

Г.Жандарбекова

Б.Нуркина