Кәсіби бағдар – кемелді болашақ тұғыры

2017 жылғы 7-13 ақпан күндері Қостанай облысының Амангелді ауданының жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы тілдер кафедрасының қызметкері мектеп бітіруші оқушылармен кездесу өткізді.

Кездесуге Амангелді ауданының 10-11-сынып оқушылары қатысты. Берік Дүйсенұлы оқушыларға Академияға қалай оқуға түсу керектігі жөнінде толықтай ақпарат берген соң, оқушылардың қойған сұрақтарына толықтай жауап беруде.

14_05_1

Қазіргі заман талабына сай біздің оқу орнымыз ведомстволық оқу орындарының ішінен онлайн түрінде тікелей қабылдаудың басталғаны белгілі. Осы бағытта кәсіби бағдар беру жұмысы Амангелді ауданына тиесілі Амангелді жалпы білім беретін  орта мектебінде, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін  орта мектебінде, Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде, Амангелді ауданы Үрпек ауылындағы Эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен жүргізілді.

Алдағы оқу жылына қабылдаудағы жаңадан енгізілген жаңалық мектеп бітіруші түлектерге түсіндіруілді.

14_05_2

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін  орта мектебі.

14_05_3

Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.

14_05_4

Үрпек ауылындағы Эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары.

14_05_5

Кездесулер барысында оқушыларға академия туралы бейнефильм көрсетілді.

14_05_6

Айта кететін жайт, талапкерлердің академия тарихмен бірге оқу орнындағы атап айтқанда жататын орындар, спорттық үйірмелер, оқу ақысының болмауы, жұмыспен толық қамтылу және т.б қолжетімді мүмкіндіктер қызығушылықтарын оятқаны байқалады. «Құсты қанат, ерді талап ұшырады», – деген халық даналығы. Мамандық таңдау – талапкердің өмірдегі ең маңызды қадамның бірі екені айқын. Сол себепті де оқушылар көңілді кездесуден кейін алдағы уақытта біздің оқу орнымызға  түсетіндеріне сенімдері арта түсті.

Тілдер кафедрасының

оқытушысы

полиция майоры Б. Султанов