Академияда кәсіптік бағдар жұмысы жалғасуда

2017 жылғы 13 ақпан күні Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында академи қызметкерлері мен Қостанай облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері мектеп бітіруші оқушылармен кездесу өткізді.

Кездесуге Қостанай қаласының 11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында Академияның қабылдау комиссиясының хатшысы полиция полковнигі Нұрлан Толқынбаев түсіндірме жұмыстарымен таныстырды.

Нұрлан Аққалашұлы оқушыларға Академияға қалай оқуға түсу керектігі жөнінде толықтай ақпарат берген соң, оқушылардың қойған сұрақтарына толықтай жауап берді.

-Біздің оқу орнымызға түсу үшін ең бірінші талапкер өзін психологиялық тұрғыдан дамығаны, денсаулығының жарамдылығына  және ҰБТ тестілеу нәтижесінің жоғары балл болуы, спорттан жетістігі болуы басты назарда ұсталады. Егерде осы талаптарға сай келсеңіз, Сіз біздің оқу орнымыздың толықтай курсант болуыңызға үмітіңіз бар, — деді Нұрлан Толқынбаев.

13_04_1

Одан кейін комиссия хатшысы биылғы жылы алғаш рет Академияда қолға алынып отырған тікелей қабылдау туралы ақпарат берді;

«Тікелей қабылдауды» Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Қазақстан Республикасы ІІМ 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 бұйрығына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен күндізгі оқу нысаны бойынша келесі мамандықтар бойынша іске асырылады:

  • 5В030300 – «Құқық қорғау қызметі» (әкімшілік-құқықтық

мамандандыру, қылмыстық-атқарушылық мамандандыру);

  • 5В010300 – «Педагогика және психология»;
  • 5В090500 – «Әлеуметтік жұмыс».
  • Оқуға үміткерлерді тікелей қабылдау бойынша іріктеуге және

тексеруге Академия үшін ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына қабылдау жоспарының 20% дейінгі қабылдау орнының саны белгіленген.

  • «Тікелей қабылдау» аясында оқуға түсудің ерекшелігі Қазақстан

Республикасы азаматының құжаттарды Академияға тікелей тапсыру мүмкіндігінің болуында.

  • «Тікелей қабылдауға» Қазақстан Республикасының кез келген

облысынан, жасы он алтыға толған және жиырма бес жастан аспаған,жалпы орта немесе кәсіби орта білімі бар, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайының көрсеткіштері бойынша ішкі істер органдарында қызмет атқаруға қабілетті азаматтар қатыса алады.

  • (ескерту: ұлдар үшін бойы 170 см., кем емес, қыздар үшін бойы

160см., кем емес).

  • Қабылдау емтихандарынан табысты өткен және оқуға «тікелей

қабылдау» арқылы алынған талапкерлер белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында қызмет атқару туралы келісімшарт жасайды және Академияны бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы ІІМ аймақтық органдарында әрі қарай қызмет атқаруға өз еркімен міндеттеме алады.

Құжаттарды рәсімдеу 2017 жылдың 15 наурызына дейін деп белгіленіп отыр, — деді толықтай түсіндірген Нұрлан Аққалашұлы Толқынбаев.

13_04_2

Кездесуден кейін Академияға келген қонақтарға Академия туралы бейнефильдер көрсетілді. Одан кейін оқушылар Академиядағы қос мұражайға ат басын бұрып,  Академияның өмірімен танысты.

Оқушылар көңілді кездесуден кейін болашақта аталмыш оқу орнына түсетіндерінде жасырмады.

Академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов

Фотоны түсірген: С. Камалов