Арқалықтағы түлектермен жасалған түсіндірмелік жұмыстар

Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Қуанышы да, ауыртпалығы да мол үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіңе лайықты біреуін таңдау міндеті.

13_02_1

Мамандық таңдау оңай жұмыс емес, оны біреулер ата-ананың көмегімен таңдаса, екіншілері дос-жарандарының, үшіншілері мүлдем салғырттық танытатыны жасырын емес.

13_02_2

Қазіргі таңда мектеп түлектері оқу орны мен мамандықтарын таңдауды қызу талқылау үстінде. Мамандық таңдау – бұл өмірдегі күрделі шешімнің бірі. Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп алған жөн. Біз яғни, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері осы бір күрделі мәселені шешудің жолын көрсетуге тырыстық.

13_02_3

Осы әңгімеге орай заң саласындағы ойшылдардың сөзін келтірсек «Болашақта әскер болары болмасы екіталай, бірақ адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын полиция болған, бар және болып қалады» деп көрсеткен екен. Бұл бір көп мән-мағынасы бар сөздің өзі полиция қызметінің өміршеңдігін көрсетеді. Осы мақсатпен оқу орнымызға оқуға түсудің талаптарын түсіндіру мақсатында Қостанай облысы Арқалық қаласының мектептерін және қалаға тиесілі мектептерді ақпан айында араладық.

13_02_4

Кәсіби бағдар беру жұмысы қалаға тиесілі жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен жүргізілді. Заман талабына сай біздің оқу орнымыз ведомстволық оқу орындарының ішінен онлайн түрінде тікелей қабылдауды жүргізуді биыл бастағалы отыр. Мұндай игі іс қағазбастылықтан қорғайды, түлектердің уақытын үнемдейді, жариялылық әрекеттерін тудырады және ең басты барлық тілек білдірушілерге қолжетімділігінде. Осы жаңадан енгізілген жаңалығымызды жас ұрпаққа, қазіргі түлек, болашақ талапкерге түсіндіруге тырыстық. Осы бағытта Родина, № 1, №2, №3, №4, №6 орта білім беру мектептерінде болдық.

13_02_5

Мамандық таңдау бойынша қазақ халқының керемет сөзі бар «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеуі керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.

13_02_6

МҚТ кафедрасының оқытушылары

М.Смагулов, А.Қаражан