«Екі жұлдыз» байқауы

2017 жылғы 9 ақпанда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай қалалық филиалының бастамасымен және қалалық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» әндер фестиваль байқауын ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттары тамашалап қайтты. Байқау қалалық «Мирас» мәдениет үйінде «Уақытты байланыстырушы жіп» атты жобаның шегінде атап өткізілді.

10_04_1

Бұл фестивальдің шарттары және маңызды тұстарының ерекшелігі болып байқауға қатысушы дуэттың бірі міндетті түрде ардагер, ал бірі жастар тарапындағы тұлға болу қажет екендігі болып табылады. Жылда атап өтілетін бұл байқаудың қорытынды бөліміне Қазақстан Республикасы туралы, еліміздің қалалары туралы, туып өскен жер тақырыптарында ән шырқаған Қостанай және Рудный қалаларының тумалары қатысты.

Аталмыш байқаудың қатысушыларын іріктеп алу кезеңі 2016 жылдың қаңтар айының басында Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған болса, кеше өткен қорытынды кезең Қостанай қалалық және облыстық ардагерлер ұйымының 30-жылдығына арналды.

10_04_2

Атап өтілген байқаудан курсанттар патриоттық сезімге толы жағымды әсер алып қана қоймай, өздерінің көңілдерінен шыққан байқауға қатысушы дуэтке жанкүйер болып отырды.