ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы 

Ақпан айының 6-сы  күні  ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясында ҚР Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  биылғы Қазақстан халқына  жолдауы 2 курс курсанттарына  таныстырылып, баян етілді .

09_02_1

Бұл жиынға академияның бірқатар офицерлері,  курсанттары   және  2 курс  басшылық құрамы да  қатысты. Онда  «Қазақстанның үшінші қайта жаңғыруы: жаһандық  бәсекеге қабілеттілік »  деп  аталған бұл  жолдаудың  маңыздылығы, оның  қаншалықты   пайдалылығы т.б да ерекшеліктері  жайлы  айтылып  өтілді. Жолдауда экономикамыз жайлы  және коммуналды тұрғын үйге, кәсіпкерлікке т.б байланысты жік – жікке қойылып, айтылып өткен.

09_02_2 Болашағымыз нұрлы әрі жарқын боларына тағы бір  нық  қадам бастық.  Нұрлы жол болашаққа апарар жолдың бастамалары болып табылатын Елбасы жолдаулары біздің кішігірім дәстүрге айналды бүгінде. Елдігіміз баянды болғай…!

09_02_3

Академия курсанттары баспасөзі

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан