Елбасы халыққа кезекті Жолдауын арнады

Әрбір жолдауда Мемлекет басшысы ел алдындағы жаңа міндеттерді белгілеп отырады. Егемендік алғалы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осымен 21 рет халыққа жолдау арнапты. Осыдан тура 20 жыл бұрын 1997 жылдың 10-шы қазанында Мемлекет басшысы Алматы қаласында Парламентте «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялағаны әлі есімізде.

 Президенттік үндеу жас мемлекттің алдағы 30 жылғы бағыт-бағдарын анықтап берді. Осы жолдау — елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған алғашқы жолдауы еді. Кейін жыл сайынғы дәстүрге айнала бастады.

09_01_1

Кейінгі әрбір жолдауда Мемлекет басшысы ең алдындағы маңызды жаңа міндеттерді ақын әрі нақты түрде белгілеп отырды. Елбасымыздың халыққа жолдаулары әлемнің 15 тілінде аударылған екен.

Жылдар бойы дәстүрге айналған Жолдау биыл 2017 жылдың 31 қаңтарда  жарияланды. Мемлекет басшысы өз жолдауында;

«Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

09_01_2

«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрелі жағдайда айтарлықтай маңызды. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз» — деп атап өтті.

09_01_3

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4 курс курсанттарына Президент Жолдауына байланысты жиналыс өтті. Жиналыс барысында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Алпеисов Болат Бақытбекұлы курсанттар назарына жолдауды толықтай оқып, таныстырды.

Мемлекет басшысының жолдауы курсанттарымызға болашаққа деген нық сеніммен қарауға, тынбай еліміз үшін еңбектенуге күш-жігер береді деген үміттеміз!

 

 

Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының

4 курс бастығының орынбасары

 полиция лейтенанты

Марат Қабылдин

 Қостанай қаласыa