Академияда қызметкерлер арасында қысқы спартакиада басталды

2017 жылдың 25-ші қаңтармен 10-шы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы полициясының 25 жылдығына орай,  жылдағы дәстүр бойынша қызметкерлер арасында спартакиада басталды.

26_04_1

Жарыс барысында 150-ден астам Академияның спортшылары спорттың 5 түрінен (волейбол, макаров тапаншасынан оқ ату, дойбы, үстел теннисі және шағын футбол) бақ сынасады. Қаңтардың 25-інде басталған жарыстың бүгін салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты ашылуда Академияның бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

26_04_2

Құрметті жарысқа қатысушылар, мен құттықтау сөзімді Елбасының қанатты сөзімен бастағым келіп отыр. «Білімді, денсаулығы жақсы адам ғана жеңіске жетеді» — дегендей, Сіздердің бүгінгі спартакиадаға қатысқандарыңыз, өте тамаша. Біз былтырғы спартакиадада басшы құрам жеңімпаз атанғанымыз әлі естеріңізде шығар. Біз сол жеңісімізді әрқашан мақтан тұтамыз. Және де биылғы басталып отырған жарыста ең мықты деген команда жеңімпаз атануына тілектеспін. Спорт  тазалық, ал тазалық зор денсаулықтың кепілі.

26_04_3

Біздің жастарымыз төзімді, батыл болып өсуі керек, олар тек барлық футбол матчтарына баруға ынталанып және барлық рекордсмендердің аттарын біліп қана қоймай, сонымен қатар іс жүзінде дене шынықтырумен, спортпен шұғылдануы керек. Сондықтан Сіздер кейінгі жастарға үлгі болу үшін осындай жарыстарда бой көрсетіп тұрғандарыңыздың өзі қуантады – деді,  Мирлан Ахмедияұлы.

26_04_4

Аталмыш спартакиада Алматы қаласында 29 қаңтарда ел болып дүркіретіп өткізгелі жатқан 28-ші бүкіләлемдік студенттер универиадасымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл әрине қуантарлық жаңалық екені баршамызға аян. Академиялықтар үлкен додаға қатыспаса да өздерінің арасында ұйымдастырылып отырған, спартакиадаға бар күш жігерін салып, жеңіс тұғырынан көрінетіндіктеріне сенімді. Барлық жарысқа қатысушы спортшылар жарыстың ашылу салтанатында құтты бір олимпиадаға қатысатындай  қуанышты көңіл күймен келді.

26_04_5

Жарты айға созылатын жарыста бізде спортшыларға сәттілік тілейміз. Спартакиаданың қорытындысы жарыс біткен соң толықтай жарияланады.

26_04_6

26_04_7

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов