Академия аумағындағы қар мүсіндер

Академия аумағындағы қар мүсіндер

2017 жылғы жаңа жыл мерекесіне арналған Академия курсанттары арасында жылда өткізілетін «Қардан жасалған мүсіндер» сайысы өз мәресіне жетті. Курс басшыларының белсенділігімен жасалған Академия стадионына сән беріп тұрған мүсіндердің әрқайсысы өз бағасын алды. «Жүзден жүйрік шыққан» қардан жасалған ғажайыптардың ішінен 1 курс курсанттарының ағаш және киіз үйді, қолтырауын, тасбақа ниньзя, балапан, қардан көмкеріліп мұздан ойыншықтар ілінген жаңа жыл символы шыршаны тамашалауға болады.
Ал 2 курс курсанттарының «Қар қалашығы» атты мүсіндер жиынтығына курстың әр оқу топтарының курсанттары ұжымдық көз тартар мүсінді қарап отырсаң көз тоймайды.
Бұнда Аяз-ата, Ақшақардан бастап мультфильм кейіпкерлері, сонымен бірге курсант және танкі бейнелері жақсы жасалған.
Ал 3-ші курс курсанттары өз еңбектерінде сайыстың ережесіне сай келмесе де Академияның эмблемаларын керемет салғанына сайыстың қазылар алқасы оң бағасын берді.
Аталмыш сайыстың төрағасы академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қапасов бір топ комиссия мүшелерімен қар мүсіндер қалашығын аралап, әрбір туындыға өз бағасын берді.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 2-ші курстың курсанттары алды. Ал екінші орынды 1-ші курстың курсанттары иеленді. Үшінші орынды 3-ші курстың курсанттары қанағат тұтты.

В Академии прошел традиционный конкурс снежных фигур среди курсов

Курсанты Академии творчески и со всей душой отнеслись к оформлению снежных композиций.
Оценивались скульптуры по таким основным критериям как оригинальность, сложность, эстетичность и красочность исполнения, размеры композиций.
Конкурсная комиссия под председательством заместителя начальника Академии полковника полиции Каппасова Е.Т. подвела итоги и определила победителей. Члены комиссии не могли не оценить тонкость, мастерство исполнения скульптур 3 курса, а также оригинальность снежных композиций 1 курса. Однако все же первое место было единогласно отдано 2 курсу, который выстроил целую снежную площадку, огороженную небольшим ледяным заборчиком, где есть и Дед Мороз, и Снегурочка, и множество ярких красивых фигур, и даже ёлка!
Может быть, снежные фигуры выполнены не совсем профессионально, но точно со всей душой!

Академия аумағындағы қар мүсіндер
Академия аумағындағы қар мүсіндер
Академия аумағындағы қар мүсіндер
Академия аумағындағы қар мүсіндер