Қарттарым аман сау жүрші…..

Қарттарым аман сау жүрші.....

Жаңа жыл, ол бір күндік ғана мереке емес. Оны әр бір ай сайын, тіпті әрбір атқан жаңа таңды да мереке етіп атап өтуге болады. Өйткені адам баласының аман есен жүруінің өзі бүгінгі таңда мереке деп ойлаймын. Өйткені қамшының сабындай қысқа өмірде, күліп-ойнап өткенге, бір-бірімізді құрметтеп сыйлап өткенге не жетсін. Күні кеше ғана көптен күткен жаңа жылымызды қарсы алып, мешін жылының берген несібесін қанағат тұтып, тауық жылында мол табыстарға жетейік деген тілекпен қызметімізді де бастап кеттік.

Академияға келген бетте қызметке кіріспестен бұрын жаңа жылдың жаңа күнтізбесіне көз салдым. 2017 жылдың 7 қаңтары демалыс күні және қасында өзімнің түтіп қойған белгіме көзім түсті. Анықтап қарасам, өзіміздің әріптесіміз, отставкадағы подполковник Анатолий Петрович Картуновтың туылған күні екен.

Біздің Академияда ардагерлерге құрмет көрсету, қолдан келгенше марапат жасау дәстүрге айналған. Осы дәстүрді бұзбайын деп, қолыма тортымды алып, ардагер тұратын үйге бет бұрдым. Іздегенім алдымнан табылғандай, Анатолий Петрович үйінде екен. Менін келетімді күтпеген Анатолий Петрович есігін жаймен ашып, жылы жүзбен қарсы алды. Біраз әңгіме дүкен құрысқан соң, академия басшылығының атынан жаңа жылмен және туған күнімен құттықтадым. Қызмет барысында болған тарихи естеліктерді еске түсіріп, жайған дастарханынан дәм татып қайттым.

— Мен Сіздің келгеніңізге өте қуаныштымын. Академияның басшылығына және жеке құрамға менің атымнан дұғай-дұғай сәлем айтыңыз. Мені ұмытпай осылай көңіл бөлгендеріңізге қатты ризамын. Жаңа жыл баршаңызға табыс әкелсін, отбастарыңызға амандық тілеймін, — дейді, қарт ардагер мені шығарып салып тұрып.

Менде ардагерімізді көңілден шығармай, өз уақытында барып,
құттықтағаныма іштей риза болып, «қарттарым аман сау жүрші» деп, қызметіме қайттым.

Қазақстан Республикасы ІІМ
Ш. Қабылбаев атындағы академияның
кезекші бөлімнің бастығы
полиция подполковнигі
Арман Есжанов