Академиядағы пікірсайыстың дамуы

Дискуссия – білім алмасу, дау білімсіздікпен алмасу.

Роберт Куиллен.

Пікірсайыс – адамның сөйлеу шеберлігін арттырып, жүйелілікке, орнымен сөйлеп, аудиторияны басқара білуге үйрететін үйірме тәрізді. Оған қатысушылар ораторлық қабілетін шыңдап, мәселені екі жақты қарап, ажырата біледі. Мұндай сайыстарда талқыға түсетін тақырыптарда сан түрлі: өмір сүру, білім алу, экономика, саясат, экология дейсіз бе бәрі-бәрі. Сондықтан да болар пікірсайысшы жастар әлемдік және отандық мәселелер мен жаңалықтарды саралаудан, сұрыптаудан шет қалған емес.Заман талабына сай адамның жан-жақты болуы мен үнемі даму, өзін-өзі іштей жетілдіру қасиеттері қоғамның өркендеуінің басты құралы іспеттес. Қай мамандық иесі болмасын ең алдымен сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, қазіргі таңдағы басты талаптардың біріне айналған.   Белсенді жастармен пікір алмасып, тығыз қарым-қатынасты арттыру мақсатымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында курсанттардан құралған «Заң және тәртіп» ғылыми-интеллектуалдық пікірсайыс клубы жұмыс жасайды. Болашақ полиция қызметкерлерінің әмбебаптығының биік шыңы ол әлбетте сөз өнері болып табылады. Өз ісінің хас шебері болатын полиция тұлғасына сай физикалық дайындығымен қатар, интелектуалдық ой-өрісінің дамуына, азаматтық қоғаммен жүйелі түрде байланыс орнатуға пікірсайыс, әлбетте, үздік бастама  болып табылады. Оқу орнымыздағы пікірсайыстың қалыптасуы мен дамуының тарихы 2006 жылдан бастау алады. Ең алғаш «Заң және тәртіп» пікірсайыс клубын әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Алпейсов Болат Бахытбекович құрған болатын. Осындай игі бастаманың әсерінен академияда пікірсайыс жылдан-жылға даму жолына бет бұруда.Қазіргі таңда құқық қорғау органдарның үздік қызметкерлері болып табылатын түлектеріміз де өз курсанттық өмірлерін пікірсайыспен байланыстырған болатын. Курсанттар арасындағы пікірсайыстың дамуы өте қуантарлық жайт. «Заң және тәртіп» пікірсайыс клубы облыс, республика көлеміндегі пікірсайыстың дамуына өз үлестерін қосуда. Қазақ және орыс лигаларында ойын көрсететін пікірсайысшыларымыздың жетістіктері өз алдына мақтауға тұрарлық. Клуб мүшелері халықаралық, республика көлеміндегі пікірсайс турнирларының тұрақты қатысушылары, жеңімпаздары болып табылады. Жас буынның  Қостанай облысындағы дәстүрлі «Кубок новичков» турнирінің жеңімпаздары атануы оқу орламызда пікірсайсытың өз жалғасын тауып, одан әрі өркендеуінің кепілі болып табылады. Аға буын пікірсайысшылары Рудный индустриалдық институты, Қостанай мемлекеттік педогогикалық институты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті  ректорлары мен Академия бастығының кубоктерінің бірненше дүркін иегерлері. Қазіргі кездегі клуб жетекшісі ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, полиция капитаны Ташенов Қуандық Нурмухамедович барынша өзінің озық идеяларымен курсанттармен бөлісіп, жан-жақты ұйымдастырып, пікірсайысшыларымыздың жеңістерге жетуіне өз үлесін қосуда. Пікірсайысқа деген курсанттардың қызығушылығының артуы клуб құрамының жылдан-жылға өсуінің дәлелі.Клуб ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімімен, ғылыми-зерттеу орталығымен республика көлемінде өткізілетін пікірсайыс турнирларының ұйымдастырушылары. Жыл сайынғы Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілетін, Академия бастығының кубогіне арналған дәстүрлі турнир барша пікірсайысшылар үшін ауқымды, маңыздылығы жоғары турнирлердің бірі болып табылады. 2015-2016 оқу жылында
«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесінің дамуы» атты, 2016-2017 оқу жылдарныда «ІІО әкімшілік-құқықтық өкілеттік қызметін жетілдіру» атты ашық республикалық пікірсайыс турнирлері ұйымдастырылды. Турнирдің ерекшелігі республикамыздың ведомствалық оқу орындарының курсанттарымене қатар ЖОО студенттері пікір таластырды. Аталмыш турнирдің басты құндылығы тақырыптардың құқық пен заң саласына қатыстылығы. Құқық аясындағы өзекті мәселелерді ортаға салу мен пікір алмасудың нәтижесінде турнир өз мақсатына түбегейлі жеткен еді. Клуб пікірмайысшыларымен «Студенттік көктем -2016» аясында «Әлем-жастардың көзімен» атты пікірсайыс турнирі азаматтық қоғамның тарапынан оң көзқарасқа ие болды. Қостанай облысының жыл қорытындысы бойынша Академия бастығының кубогіне арналған турнир «Ең үздік турнир» номинациясына ие болды.  «Заң және тәртіп» ғылыми-интеллектуалдық пікірсайс клубы  Астана қаласының С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының,Қостанай облысының ЖОО мен колледждерінің  пікірсайыс клубтарымен тығыз, әріптестік қарым-қатынаста. Пікірсайыстың дамуына ерен еңбектерін қосып келе жатқан «Заң және тәртіп»  пікірсайыс клубына зор жетістіктермен, еңбектеріне жеміс, сөз өнерінің нағыз майталмандары болуын тілейміз!

Академияның 4 курс курсанты,

полиция кіші сержанты,

«Заң және тәртіп» ПК Президенті М.Ә.Қабай

09_03_1 09_03_2 09_03_3 09_03_4 09_03_5