«Лес чудес» театр  Қостанайда

09_02_1

8 – қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының     2 – курс курсанттары қала орталығында орналасқан  Е. Өмірзақов атындағы қостанай филармониясына, Рудный қаласынан келген  «Лес чудес» театрының қойылымын тамашалауға барды.

Қойылым әуелі театрдың осы жақында алған «Халықаралық дәрежедегі театр» атағын құттықтаумен  басталды.

Артынша еуропалық стилде бірінен соң – бірі керемет көріністер қойылып, әндер айтылып, билер биленіп, көрермендерді де шабыттандырды. Залға лық толған көрермендер бұл қойылымдардан  сонау батыс елдеріне саяхат жасағандай әсер алып, соңына қарай орындарынан тұрып, құрмет-қошеметтерді  аямады.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан

09_02_2