Шаттандырған шырша мерекесі!

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс басшылық құрамы мен курсанттары Жаңа жылдық мерекені қуаныш пен шаттық ортасында, мерекелік дастарханмен қарсы алды. Курс бастығы gлиция капитаны Марат Серікұлымен курсанттардың біріге отырып, ұйымдастырған бұл кештің сыйлы қонағы Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы және оның орынбасары полиция полковнигі Ахан Жақыпбекұлы, сонымен қатар кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі Айбек Кажекенұлы болды. Өздерінің құттықтау сөздерінде Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы курсанттарға мықты денсаулық, қажымас қайрат, оқуда озат болуларын және Жаңа жыл бақ пен береке алып келуін, барша армандар мен мақсаттардың орындалуын тіледі.

Курсанттарға арналған түрлі дәмдіге толы мерекелік дастархан Академия асханасында жайылып, әсем әндер шырқалып, қызықты ойындар ойнатылып, кештің көңілді өтуінің себебі болды. Осылайша көңілді кеш Жаңа 2017 жылды қуанышпен қарсы алуға ұласты!

Академияның курсанттар баспасөзінің мүшесі,

 3 курс курсанты полиция қатарындағы Ұлбосын Маликова

 05_02_1 05_02_2 05_02_3 05_02_4 05_02_5

05_02_6 05_02_7 05_02_8 05_02_9

05_02_10