Қызу өткізілген тартысты сайыс

Демалыс күндері ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде спорттың бірнеше түрінен сайыс өткізілді. Ұйымдастырылған спорттық іс шаралар өз кезегінде салауатты өмір салтын қалыптастырып, курсанттардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында орын алды. Бұл сайыс  Академияның үшінші, екінші және бірінші курс курсанттарынан құралған үш команда арасында өткізілді. Жиі ұйымдастырылып отыратын бұндай спорттық сайыста баскетбол, үстел теннисі, сақинаға доп лақтыру, дене көтеру, ұзындыққа секіру, кір тасын көтеру, турникке асылу, арқан тарту, қол күресі сияқты ойындарынан жарысып, сайыс соңында команда капитандары арасындағы бәсеке шешуші рөль атқарды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок пен грамоталармен марапатталып, әдеттегідей үшінші курс курсанттарынан құралған құрама команда мықтылық танытып, I орынды иеленді. Жанкүйерлер де жарыса қолдау көрсеткен, аса тартысты да қызықты өткен бұл ойында II орынды екінші курс курсанттарынан құралған құрама командасы, ал III орынды бірінші курс курсанттарынан құралған құрама командасы иеленді.

Демалыс күн осындай тәрбиелік ықпал ететін іс шараның арқасында көтеріңкі көңіл күйде өтті.

Академияның курсанттар баспасөзінің мүшесі,

 3 курс курсанты полиция қатарындағы Ұлбосын Маликова

 

05_01_1 05_01_2 05_01_3 05_01_4

05_01_5

05_01_6

05_01_7