«Көңілді Жаңа жыл кеші»

04_05_1

Жақында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  2 курс  курсанттарының  жұмыла ұйымдастыруымен «көңілді би кеші» өткізілді. Бұл кешке қалалық оқу орындарынан студенттер, бір қатар  қонақтар келіп, курсанттарды жаңа жылдарымен шын көңілден құттықтап, жүрек жарды тілектерін білдірді.

«Көңілді би кеші» әуелі концерттік қойылыммен басталды. Ортаға  Аяз ата мен Ақшақарды шақырып, өлең айтып, би билегендерге, сондай – ақ өте көңілді ұйымдастырылған жарыстарға ат салысқан  курсанттарға, қызыл дорбасынан кішігірім сыйлықтарын алып сыйлады. Және де осы кеште курс бастығы полиция майоры Кусеубаев А.Б   баршаны жаңа жылдарымен шын жүректен құттықтап, бақыт тіледі. Бір қатар курсанттарды жаңа жыл мерекесіне

орай алғыс хаттармен марапаттады.

Концерт соңы ІІ курс курсанттары асыға күткен сәт биге ұласып, залды зауанауий  әуендермен  жаңғырттып, қыздыра түсті. Осылайша жаңа жыл мерекесі керемет әрі көңілді би кешімен де есте қалды.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан