Бірінші курс курсанттарының алғашқы жаңа жылы

Ең айтулы, барлық адамдар тағатсыздана күтетін Жаңа жыл мейрамы да келіп жетті. Жаңа жыл мейрамын әр кім, әр қалай қарсы алады. Көбіне адамдар үйінде отбасы ортасында қарсы алса, курсанттар Жаңа жылды қалай қарсы алады деген сұрақ талай адамды ойландыратыны сөзсіз.

Міне осы сұраққа жауап ретінде біздің Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанттарын келтірсек болады. Олар үшін ескі жыл қуаныштармен жетістіктерге толы болғанымен, жаңа жылға олардың  мақсаттары мен талпыныстары ерекше. 1 курс курсанттарының өз отбасыларынан алыс жерде өткізген бірінші Жаңа жылдары болса да, олардың көңіл-күйі көтеріңкі, барлығына белсенді болды.

1 курс курсанттарына арналған мерекелік дастархан Академия асханасында жайылды. Олар кешкі 19.00 – ден бастап дастархан басына жайғасты. Бұл Жаңа жыл кешін 1 курс курсанттарын құттықтау үшін келген Академия бастығы полиция полковнигі  М.Қызылов өзінің құттықтау сөзімен бастады. Академия бастығынан мағыналы да, ауқымды құттықтау сөзінен кейін курсанттар ас ішуге кірісе отырып, кішігірім концерттік бағдарлама тамашалады. Жаңа жылдық көңіл-күй  сыйлайтын концерттік бағдарлама ән шашулармен, қызықты сәттерге толы болды. Және де концерттік бағдарлама арасында 1 курс басшылығының барлығына құттықтау сөз берілді. 1 курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмуханов өз курсанттарына құттықтау сөз айтып, оларға Жаңа жылға жаңа күшпен кірісуге, жаңа табыстарға жетуге ұмтылыс берді. 1 курс бастығының орынбасарлары барлығы курсанттарға құттықтау сөз айтып, жылы лебіз-тілектерін жеткізді. 1 курс курсанттары Жаңа жыл мерекесін ұйымдастырып берген курс басшылығына рахмет айтып, оларды өз аттарынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мерекелік дастарханға жиналған бірінші курс курсанттарының көңіл күйі өте тамаша болды. Осыдан кейін курсанттар  Елбасының құттықтау сөзін  тосты. Елбасының құттықтау сөзінен кейін барлық курсанттар сыртқа шығып сапталды.

Осы  Жаңа жыл мерекесі 1 курс курсантарының әр қайсысының өмірлік есте қалатын қайталанбас жаңа жылдары болды. Жаңа жылды көңілді қарсы алған курсанттар өз жанұяларынан алыс жерде жүргендерін ұмытқандай болды. Осылайша 1 курс курсанттары Жаңа жылды ойдағыдай емес, ойдағыдан да жоғары дәрежеде қарсы алды.

Академияның курсанттар баспасөзінің мүшесі,

 1 курс курсанты Досжан Әділдәбеков

 

04_02_1

04_02_16

04_02_15

04_02_14

04_02_13

04_02_12

04_02_11

04_02_10

04_02_9

04_02_8

04_02_7

04_02_6

04_02_5

04_02_4

04_02_3

04_02_2