Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Ақтан батыр атындағы жүлде үшін еркін күрестен VI турнир өтті

28_01_1

2016 жылғы желтоқсанның 22-24 аралығында Ақтөбе қаласындағы Қарғалы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ақтан батырдың жүлдесіне арналған  еркін күрестен VI-шы турнир ұйымдастырылды.

Ақтан Батыр руы Қаракесек, Хива және Қоқан хандығының басқыншылығына қарсы халықтық-азаттық қозғалысын басқарған Жанқожа батырдың серігі. 1770-1854 жылдары өмір сүрген. Ақтан батыр Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Түлкіқашқан деген жерде (Сырдарияның Тілесарық тармағы бойында) 1770 ж. дүниеге келген. Хандықтың құлдырауына байланысты, Ресейге қарасты болса да Хива және Қоқан хандығы қазақтарға шабуыл жасауды тоқтатқан жоқ. Осы ауыр кезеңде Жанқожа батырға өңірде барлық болып жатқан соғыстарға бастау болатын Хива қамалын жою мәселесі жүктелді. Ақтан батырдың басқаруымен өткізілген шабуыл арқасында Хива қамалы құлады. 1853 жылы патша әкімшілігі Сырдарияда қатаң коллониалдық тәртіп орнатқанына байланысты халықтың осы жағдаймен келіспеушілікті тудырды. 1852 жылғы желтоқсан айында жергілікті тұрғындарынан жер телімдерін алып қоюуына байланысты Сырдария қазақтары Жанқожа батырдың басшылығымен көтеріліске бел буды. Жаңақала қамалы олардың орталығына айналды. Ақтан батыр Бесқала қамалын алған кезде аса батырлық танытты. Ақтан Батырдың зираты Ақтөбе облысы, Тебенсай жерінде орналасқан. 1997 жылы батырдың туған жерінде мавзолей бой көтерді.

Директор Қ. Ерназаров басқаратын «Қаракесек Ақтан батыр» Қоғамдық Қорының қолдауымен өткізілген жарысқа Атырау облысы, Есет батыр атындағы облыстық спорт интернаты, №4 облыстық мамандандырылған балалар жасөспірімдер олимпиада резервінің мектебі, Шұбарқұдық кенті, Хромтау қаласы, Алға, Қобда, аудандарының, Қарғалы БЖСМ мықты командалары қатысты.

ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары қатысып келесі нәтижелерге қол жеткізді.

1 орын Ануаров Жолдасбек (3 курс) 97 келі салмақ дәрежесінде.

1 орын Ошақбай Айбар (2 курс) 66 келі салмақ дәрежесінде

2 орын Уразбаев Азат (2 курс) 66 келі салмақ дәрежесінде.

3 орын Жаппар Мақсат (3 курс) 74 келі салмақ дәрежесінде

Жеңімпаздар еркін күрес федерациясының белдіктерімен марапатталды.

Сонымен қатар 3 курс курсанттары Тезекбаев Ринат, Елемес Данияр, Алтынбек Альжан төрешілікке қатысқаны үшін мадақталармен марапатталды.

полиция полковнигі

А. Ақылбеков

ЖжДД кафедрасы

 

VI турнир по вольной борьбе, посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан и на призы имени Актен Батыра.

Соревнования прошли в Каргалинской детско-спортивной школе г. Актобе 22-24 декабря 2016 г.

Актан батыр, национальный герой из рода Каракесек, живший в 1770-1854 годах, родился в Казалинском районе Кызылординской области, на поселении Тулькикашкан, сподвижник Жанкожи батыра, возглавлявшего народно-освободительное восстание сырдарьинских казахов против гнета Хивинского и Кокандского ханств.

Под руководством Актан батыра уничтожен источник всех местных войн – хивинская крепость.

В декабре 1852 года сырдарьинские казахи во главе с Жанкожа батыром подняли восстание, где Актан батыр проявил героизм при взятии крепости Бескала. Могила Актан батыра находится в местности Тебенсай в Актюбинской области. В 1997 году на родине батыра был построен мавзолей.

На соревновании организованный при содействии Общественного Фонда «Қаракесек Ақтан Батыр» директором которого является Қ. Ерназаров участие приняли команды из Атырауской области, областного спортивного интерната имени Есет батыра, областного специализированного ДЮШОР, следующих районов, таких как Алга, Қобда, г.Хромтау, Каргалинской ДЮСШ и другие.

В итоге слушатели Костанайской академии МВД РК показали следующие результаты.

1 место Ануаров Жолдасбек (3 курс) весовая категория 86 кг.

1 место Ошақбай Айбар (2 курс) весовая категория 66 кг.

2 место Уразбаев Азат (2 курс) весовая категория 66 кг.

3 место Жаппар Мақсат (3 курс) весовая категория 74 кг.

Победители были награждены поясами чемпионов Федерации вольной борьбы.

Курсанты 3 курса Тезекбаев Ринат, Елемес Данияр, Алтынбек Альжан были награждены грамотами за участие в судействе.