Батыр туралы фильм

Сондай-ақ осы күні курсанттар екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы, гвардия полковнигі, жазушы Бауыржан Момышұлы туралы түсірілген фильмді де тамашалады.

21_05_1

21_05_2

Фильм тамашалағаннан соң, кешкі уақытты жастардың рухани жан-дүниелерін бай, өрелері биік азамат етіп тәрбиелеу мақсатында курсанттар арасында ән күйлерді домбыра және гитарада орындау байқауы өткізілді. Байқауда

1-ші орынды М.Сүлеймен, 2-ші орынды А.Мінажат, 3-ші орынды  М.Ешнияз иеленді.

21_05_3

21_05_4

18-ші желтоқсан күні дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, денсаулығы зор, психикасы нақты азамат қалыптастыру мақсатында Академияның күрес залы алаңында курсанттар арасында жалпыакадемиялық еркін күрестен жарыс ұйымдастырылып, өткізілді.

19-ші желтоқсан күні курсанттардың ойлау қабілетін жақсартып, зейінін ашу мақсатында 3 курс курсанттары арасында шахмат және шашка ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Шахматтан,     1-ші орын Б.Мұқиятұлы, 2-ші орын Н.Гилмиденов, 3-ші орын Қ.Мухаммед

21_05_5 21_05_6

Шашка ойынынан, 1-ші орын Ж.Қадылбеков, 2-ші орын А.Бижанов, 3-ші орын А.Тоқтархан

21_05_7

 

3 курс курсанты

полиция қатарындағы

У.Маликова