Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай атқарылғын тәрбие жұмыстары

Бүгінгі таңда ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттарымен еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  тәрбие жұмыстары және спорттық іс- шаралар бірнеше бағытта жүріп жатыр. Курсанттар білім алумен қатар, академия өміріндегі мәдени іс-шараларға қатысып, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып келеді.

Өткізілген тәрбиелік іс шараның мақсаты – курсанттардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен әлеуметтенуіне, болашақта құқық қорғау мамандығының иесі болып дамуына кәсіби, интеллектуалды ықпал ету. Тәрбиелік іс шараның міндеттері:

-ХХІ ғасырдағы рухы жоғары өркениетті елдің жастарын тәрбиелеу;

-Дені сау, саяси сауатты, ұлттық сана сезімі жоғары курсанттарды тәрбиелеу;

-Курсанттардың өзіндік жеке ізденістерін, қызығушылығын, шығармашылық қабілетін арттыру;

-Курсанттардың бойына ұлттық сезімін және отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген пайымды ұстанған курс басшылығы, білім алушылар арасында тәрбиелік маңызы зор түрлі іс шралар жиі ұйымдастырады. Атап айтсақ,3 курс курсанттары 15-ші желтоқсан күнгі басты рөлдегі батырдың аман қалуына себеп болған аналық махаббаттың күші туралы отандық тарихи драма «Анаға апарар жол» фильмін тамашалады.

21_01_1 21_01_2