“Тәуелсіздікке арналған  – еркін күрес”

18 желтоқсан 2016 жылы ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында академия аралық еркін күрестен “Тәуелсіздігіміздің 25 – жылдығына” арналған генерал – лейтенант Шырақбек Қабылбаев кубогы сарапқа салынды. Бұл додаға бүкіл академия курсанттары 11 салмақ дәрежесінде ат салысты. Әуелі 1 және 2 курс курсанттары бір – біріне қарсылас атанып, белдесу барысында 2 курс курсанттары 10:1 есебімен жеңіске жетті. Одан соң 2 және 3 курс курсанттары арасында 1 орынға таласты.

20_03_1

Талас барысында 2 курс курсанттары 7:4 есебімен жеңіске жетіп Кубокты жеңіп алды. Осылайша 2 курс курсанттары академия чемпиондары атанса 2 – орында  3 курс курсанттары ие болды. Ал 1 курсанттарына 3 – орын бұйырды. Жарыс өте көтеріңкі деңгейде өткізіліп сырттан келген қонақтар дән риза болды.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан