“Тәуелсіздіктің 25 жылдығы” қарсаңында шағын- футбол

12_11_7

12_11_1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2 курс курсанттары арасында ұйымдастырылған шағын-футболдан жарыс соңына жетіп, жеңімпаз 206 топ курсанттары, курс басшылығымен супер кубокты сарапқа салды. Бұл шағын-футбол “Тәуелсіздігіміздін 25 жылдығына” орай өткізілді.

Қос команда әуелі бір-бірін бақылаумен ойынды бастады. Ойын ортасына келіп екі тарап шабуылды күшейтіп, бір-біріне бірнеше голдар тоғытты және ойынды одан әрі қыздыра түсті. Көрермендер қатарын кеңейтіп, қолдау көрсетуге 2 курс курсанттарыда қатысты. Қолдарынан келгенше қошеметті аямай, футболшы курсанттарымыздың рухын көтеріп отырды.

Голдық сәттерде және гол соғылған сәттерде шуылдасып көңілдері бір тасып – түсіп, бірде көңілді болды. Тартыс таласты өткен сайыста 206-топ курсанттары (7:5) есебімен айқын жеңіске жетті. Жеңімпаздар курс басшылықтары атынан сый-сияпатқа қарық болып, супер кубокты иеленіп, 2016 жылғы чемпиондар ретінде қалды.

12_11_8

12_11_6

12_11_2

12_11_5

12_11_3

12_11_4

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан