“Біз жемқорлыққа қарсымыз”

12_09_1

Желтоқсан айының 9-ы күні Қостанай қалалық  “Мирас” мәдениет үйінде үлкен іс-шара өтті. Жалпы іс-шараның тақырыбы “Жемқорлыққа жол жоқ” деп аталды. Сөз бастаған Қостанай қаласының әкімі Базыл Жакупов жемқорлыққа қарсы күресудің жолын айтты, жастарды салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлыққа – заңмен бірге өсіп-өркендеп небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінгіге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі азаматтардың аразы. Әрбір азамат өзінің Конституциялық құқығын қорғауға міндетті. Біз жастар Қазақстан Республикасын көркейіп биіктерден көрінуін қалаймыз. Сондықтан біз Қазақстан Республикасының жастары жемқорлыққа қарсымыз. Жемқорлыққа жол жоқ!

12_09_2

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан