Курсанттардың көмегі

12_08_1 

2016 жылдың  желтоқсан айының 11-ші жұлдызында «Дельфин» балалар үйі ұжымымен тұрақты негізде қарым-қатынасты ұстап отыратын, әрқашанда қамқор болып, достық көңілмен мейірімділік танытатын ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттары кезекті көмек көрсету үшін балалар үйіне барды. Курсанттар аула алдындағы қарды тазалап, осы реттегі көмектермен қол ұшын созды.

Курсанттарға Балалар үйінің меңгерушісі және ұжымы балаларға көңіл бөліп келгендеріне алғысын айтып, балалар Үйі ішінде экскурсия өткізіп, оның күн тәртібімен таныстырып, осы балалар мекемесінің күнделікті өмірі туралы мәлімет берді.

 Курсанттар педагогтармен біріге отырып, балалардың  шығармашылығымен, тұрмыс тіршілігімен, спорттық және басқа да жетістіктерімен танысып қайтты. Осы жексенбілік күні атқарылған қызу жұмыс соңында балалар курсанттарға шынайы алғыстарын білдірді.