«Махаббат қызық мол жылдар»

12_05_6

«Ұлы Дала Елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың қаңтар айының 10-шы жұлдызында, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы тапсыры бойынша Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының сахнасында Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты қойылымы болды.

12_05_1

Осы тамаша тарихи туындыны тамашалау үшін ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов  және 3 курс басшылығы курсанттармен бірге барып қайтты.

12_05_4

Қоюшы режиссері  Дос Құбаштың, суретші М.Нұрмақановтың ерен еңбектерімен спектаклдегі  ролдерін тамаша орындаған әртістердің актерлік шеберліктеріне курсанттар дән риза болды.    Апта соңында орын алған бұл спектаклді Академия бастығы Мирлан Ахмедияұлы өз жанұясымен  тамашалап, қойылым соңында курсанттарға бұл қойылымның жадында ерекше әсер қалдырғанын айтты.

Қойылымда сол уақыттағы болаттай берік, қажыр-қайраттары мен ерік-жігерлері, рухтары мықты, биік мақсатты ұрпақтардың өмірі шынайы баяндалады. Жас Ербол мен Минтайдың өмірлерінде кездескен қиындықтарға мойымай қайрат-жігерін жеңіп, көздеген мақсатына жету жолындағы қажырлылығы қасиеттері кімге болса да үлгі боларлықтай.

12_05_7
Қойылымда сондай-ақ жастардың өзара достығы, бір-біріне деген шынайы сүйіспеншіліктері, үлкен өмір жолындағы жауапкершілікті сезінулері, Ерболдың жүрек қалауымен соғыс жылдарында бастан аяқ болуы, Отанға деген адал қасиеттері әдемі өріліп, курсанттар жүрегінен жылы орын ала білді.

3 курс курсанты полиция қатарындағы

Ұлбосын  Маликова