Курсанттардың қосымша тәжірибеден өтуі ішкі істер органдары қызметкерлерінің күнделікті қызметі мен теорияның байланысы ретінде

2016 жылғы қарашаның 07 желтоқсанның 09 аралығында қолданыстағы заңнаманың және Қостанай облысының ІІД, ҚАЖД, АКҚБ бастықтарының және ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының біріккен бұйрықтарының негізінде 2 және 3,4 курс курсанттары  Қостанай қ. ішкі істер органдарында қосымша тәжірибеден өтті.

Күн сайын сағат 8.30-да қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушылары курс бастықтарымен біріге отырып, курсанттарды тәжірибелік органдарға таратып, сонымен қатар ІІД, ҚАЖД, АКҚБ бөлімшелерінде тәжірибеден өту бойынша нұсқаулар берді.

Тәжірибеден өтушінің жұмыс күні сағат 9.00 басталып, түскі үзіліспен сағат 19.00-ге дейін созылды. Жұмыс ауысымы барысында курсанттар қылмыстық істер бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібімен, полиция учаскелік инспекторының іс жүргізу тәртібі бойынша қызметтік міндеттерімен, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен алдын алу ісшараларын өткізу тәртібімен, пробация қызметімен танысты.

Күн сайын қосымша тәжірибе аяқталысымен курсанттар құрылымдық бөлімшенің қызметінде атқарған жұмыстарын және тәжірибелік қызметкерлерімен біріге отырып өткізген ісшараларын баянатпен баяндап отырды.

Жинақталған есептерді талдай отырып, курсанттардың қосымша тәжірибеден өту барысында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келетінін атап өтуге болады:

— курсанттар қызметтік іс жүргізудің құжаттарын ресімдеу бойынша жұмыс жасап машықтанды;

— оқу сабақтарында алған теориялық білімдерін тереңдетіп, осы білімдерін тәжірибеде қолдануды үйренді;

— «Оңтүстік» және «Жастар» УПП полицияның учаскелік инспекторларының қызметімен, пробация қызметі инспекторларының, ювеналды полицияның кәмелетке толмағандармен істер бойынша инспекторларының және ҚР ІІМ арнайы күзет қызметінің жұмысымен танысты.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және

криминология кафедрасы

12_04_10 12_04_9 12_04_8 12_04_7 12_04_6 12_04_5 12_04_4 12_04_3 12_04_2 12_04_1