Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

                                                        «Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

                                                        Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

                                                        Егемендік тиді бүгін еншіме,

                                                        Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке«

1991 жылдың 16 желтоқсан күні – барша қазақ халқының, жалпы қазақстандықтардың жұлдызды сәті. Осы күннен бастап біздің халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалды. Қазақ халқы өзінің ата-бабасынан қалған ұлан-ғайыр жерінде өзінің тәуелсіздігін жариялап, оны барша әлемге жария етті. Осыдан бастап бәрі де түбегейлі түрде өзгерді.

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз     ел — Қазақстан дүниеге келді.

Мәңгілік еліміздің даму даңғылы Нұрлы Жолға айналды. Табысты әрі көп еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігіміз жарасып, аянбай тер төгуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай курсанттарды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу мақсатында 2016 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасымен КОФ 2-3 курс курсанттары арасында «Нұрлы жол» атты эссе байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

Әсіресе, 3 курс курсанты Ақашев Дарханның мәнерлеп оқыған эссесі көрермендер мен әділқазылар алқасының көңілінен шығып, бір толғандырып алды.

Кафедра қызметкерлерінен құрылған әділқазылар алқасымен үздік эсселер бағаланып, келесі орындар берілді:

1 орын — Ақашев Д. (3 курс курсанты), Жасузаков (2 курс курсанты);

2 орын — Талғатқызы А. (3 курс курсанты), Тұрсынбай Д.(2 курс курсанты);

3 орын — Жұмабек Ж.(3 курс курсанты), Аргимбаев А. (2 курс курсанты);

ҚҚАҚжК кафедрасы бастығының орынбасары

полиция майоры  Г. Кажикова

 

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны Р. Калиярова

12_03_1 12_03_2 12_03_3 12_03_4 12_03_5 12_03_6