Басшының жаңа бастамасы

Әрқашан жаңашылдыққа бастама жасап, жаңа бастаманың басы-қасында табылатын басшымыз, бүгін тағы да жаңа бастаманың басын бастады. Ол өзі бастама жасап, биылғы жылдан бастап Академияның курсанттарын әр офицерге бекітіп беріп, барлық офицерлерді жыл бойы олармен кездесу, жеке-жеке әңгімелесуге бел будырды.

Оны өткен сәрсенбінің сәтті күні курсанттармен кездескен кездесуін әңгіме етуге болады. Сөзім түсінікті болу үшін толығырақ айтып өтуді жөн көрдім.

12_01_1

Бұл Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызыловтың тың бастамасы болатын. Аталмыш бастама «Ұлы Дала Елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 25 жылдығын арналған іс-шаралар жоспарының «Мәдениет және руханият» бөлімін орындау үшін және ауыспалы құрам арасындағы әскери-қызметтік тәртіпті нығайту, жалпы мәдени деңгейін, отансүйгіштікке, Антқа адалдыққа, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын сақтауға баулу, кәсіби қалыптасуда көмек көрсету және жинақталған тәжірибені беру, ішкі істер органдарының жас қызметкерлерін жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ішкі істер органдарында тәрбие жұмысы жүйесін жетілдіру туралы» 2009 жылғы 14 шілдедегі № 261 бұйрығына және «Ішкі істер органдарындағы тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері жөніндегі әдістемелік құралды бекіту туралы» 2015 жылдың 26 маусымындағы № 564 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Білікті басшы қол астындағыларға қашанда дем беріп, қолтығынан демеуге жақын тұрады. Сүріңгенді қолтығынан демеп, әрдайым қол ұшын беруге дайын тұратын Мирлан Ахмедияұлы әр ай сайын курсанттармен танысып, хал-жағдайын біліп тұруға шешім қабылдап, кездесуді бастап кетті.

Бұл курсанттарды тәлім-тәрбиеге, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған  іс-шара еді. Мұны Академияның іс-шаралар жоспарына енгізіп, тікелеу қадағалауына алып отыр. Осы кездесуде болған 1 курстың курсанттарымен кездесіп, алған әсерлерімен бөлісіп, оларды әңгімеге тартқан едік.

  • Біз бірінші курстың курсанттары Рамазан Жақсылық, Данияр Нүсіпбек, Еркебұлан Алғабай, Бағлан Мелдебек және Диана Құмарбекова Академия бастығының қабылдауында болдық. Кездесуіміз тамаша өтті. Ең алдымен Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов өзінің басшылық қызметке қалай келгенін және өмір жолымен толығырақ таныстырды. Сосын Академия атын иемденіп отырған Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев атамыздың өмірі тарихымен таныстырып, сөз етті. Одан кейін Академияның орналасқан жері Ұлы Абай көшесімен және генерал Арыстанбек көшесінің қиылысында орналасып, генерал Шырақбек атамыздың есімімен аталатынын жақсылыққа жорып, осы атақты кісілердің атағына лайықты болып өсуге тілектестік білдірді.

Тәрбиелік мәні зор кездесуде, жеке басымыздағы тұрмыстық мәселелерге байланысты да сұрақтар қойып, хал жағдайымызбен танысты. Бізде мұндай мүмкіндіктер туып тұрғанда емін-еркін сөйлесуге тырыстық. Академияда білім алып, Сіздей басшыға курсант болғанымызға, еш өкінбейтінімізді де жасырмай, сөз арасында айттық – дейді, сөздерін жарыса айтқан курсанттар.

Ия, енді ғана оң-солын танып жатқан бірінші курс курсанттарына мұндай кездесудің орны ерекше екенін айта кеткен жөн. Өйткені олардың екі беттерінен бал-бұл жанып, жастықтың жалындаған от алауын көріп, кездесу жаман өтпегенін байқадық.

Бір-бірімен жарысып айтып жатқан әңгімелерінің ішіндегі Академия басшысымен кездесу бағы осыларға бұйырғанын қуанышпен жеткізді. Оны Рамазанның мына сөзінен аңғаруға болады;

  • Мұндай кездесудің біз үшін орны ерекше. Өйткені үйдегі әке-шешесін, бауырларын сағынып жүрген біздей курсанттарға дем береді. Жасыратыны жоқ Мирлан Ахмедияұлымен кездескенде, құтты бір әкеммен кездескендей әсер алдым. Ол кісінің берген ақылы, түзу жолға салар кеңесі бізге қатты әсер етті. Тіпті оқуға және казармалық өмірге әрі қарай жаттығуымызға дем берді. Бұл кездесуден кейін, сабағымды жақсы оқып, демалыста еліме абыроймен баруға бел будым. Мұндай кездесулер жиі-жиі болса дейміз.

Ағынан жарылған курсанттардың тілек-ұсынысынан кейін де бұл кездесу оларға үлкен  күш-қайрат, отбасына деген сағыныштарын бір шама басқан секілді.

Рас қазіргі таңда басқа оқу орындарының кей бастық сымақтары жастары келседе өз курсанттарын болмаса студенттерін қабылдамақ түгілі қарамағындағы қызметкерлерін көргісі келмейтін бирократ «өзімшіл» басшылар қанша ма?.. Ал Академияны алақанына салып отырған білікті басшы Мирлан Ахмедияұлына қашанда сәттілік тілейміз. Бұл кездесуден оң әсер алған курсанттардың ақжарма тілектері.

Академияның баспасөз хатшысы

Мейрам Оспанов