Тәуелсіздіктің 25 – жылыдығына арналған мерекелік іс-шара 09.12.2016 Ел Тәуелсіздігіне 25-жыл! Иә, өте жағымды естілетін айтулы мейрам. Бүкіл Қазақстанда Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған іс-шаралар 2016 жылдың басынан бастау алған еді. Міне Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында 2016 жылдың 8-ші желтоқсанында сағат 14.00 – де «Мирас» Мәдениет сарайында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мерекелік концерт берді. Бұл концертке біздің академиядан 1 курс курсанттары барды. Мерекелік концерт патриоттық әндерден бастау алып, мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Мирас Мәдениет үйі қазақ ою-өрнегімен әсемделіп керемет көрініс берді. 1 курс курсанттары мерекелік концерттен керемет әсер алып оралды. Концерт тамашалауға келген халық қарасы көп болды. Тәуелсіздікке арналған бұл концерт мағынасы жағынан ауқымды болды . Барлық ұлт өкілдері өздерінің төл өнерлерін көрсетіп, Қазақстанда бірлік пен татулық ең жоғары орында тұрғанын жеткізе білді. Осындай мағынасы жағынан маңызды концерттен 1 курс курсанттары тәрбие ала білді деп ойлаймыз. 1 курс курсанты Әділдәбеков Д.Б.