Ұлттық Қауіпсіздік органының ардагерімен кездесу

09_01_1

7 желтоқсан күні біздің 1 кур курсанттары жазушы, поэт Ұлттық Қауіпсідік органының ардагері, отставкадағы подполковник Каратаев Александр Васильевичпен кездесті. Бұл кездесу Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай арнайы өткізілді. Курсанттарымызға « История успеха » атты дәрісін дайындап келген екен.

«- 14 кітап басылымға бердім, бірақ әлі басылымға беріп үлгермеген кітаптарым бар. Мен кітапты басылымға беріп уақыт өткізгім келмейді, сол уақытымды жазуға арнағанды жөн көрем» — деді,  Александр Васильевич.

09_01_2

Өзінің басынан өткергендерді айтып курсанттардың оқуға, жұмысқа деген қызығушылықтарын оятты. Курсанттардың әртүрлі қойылған сұрақтарына жауап берді. «Сіз шабытты қайдан аласыз?» — деген сұраққа ойланбастан «Мен шабытты түс көргеннен алам. Танертең жұбайым таңғы ас дайындағанға дейін өлеңдерімді, әңгімелерімді жазып қоямын» — деді ол. Әңгімесінің соңында курсанттарға өзінің туындыларын сыйға тартты. «До 25-го века», «Агент 008» деген кітаптарын өз қолымен табыстады.

09_01_3