Қостанай облысы №2 түзету мектеп-интернатындағы мерекелік концерт

2016 жылдың қараша айының 30-шы жұлдызында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Е.С. Акимжанов күндізгі оқыту факультетінің 2 және 3 курс курсанттарымен бірге Қостанай облысындағы жетім балаларға арналған №2 түзету мектеп-интернатына мерекелік концерт өткізу мақсатында барды.

Концерттік бағдарлама аясында 3 курс курсанты Кенжеғұл Ершат «Мазалама» әнімен мектеп интернаттың тәрбиеленушілерін тәнті етті.

Сонымен қатар 2 курс қыздарынан құралған би тобымен 3 курс курсанты Тезекбаев Ринат өнер көрсетті.

Содан соң 3 курс курсанттары Жақсыбай Мұқағали, Есенов Нұрым, Байдүсен Бекнұр, Алтаев Ернұрдан құралған КВН командасы мектеп- интернат тәрбиеленушілеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Академияда қызметпен бірге қалжың да қатар жүретінін көрсете білді.

Бұл концерттің мақсаты мектеп-интернат тәрбиеленушілері бойында патриоттық мінез-құлықты қалыптастыру, мәдени тәлім тәрбие беру, ІІО-на дұрыс көзқарас қалыптастыру, Академияда талантты да талапты курсанттар бар екендігін көрсету еді.

Осы концерттік бағдарлама қатысушылары өз мақсатына жете білді, яғни Академияда тек қана оқуға ғана емес, сонымен қатар өзінің талантын шыңдап, әртүрлі өнер салаларымен айналысуға мүмкіндіктер ұйымдастырылғанын айқындады.

02_06_1

02_06_3

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мәдени-тәрбиелік сипаттағы іс-шараларға көп көңіл бөлуде.

02_06_2

02_06_4

Концерт Академия курсанттарының мектеп-интернат тәрбиеленушілері, облыстық және республикалық ән фестивальдерінің жүлдегерлері Голубев Виктормен және Даниилов Кириллмен бірге орындаған әнімен аяқталды.

02_06_5

02_06_6

02_06_7

 Болашақта да осы секілді білім беру ұйымдарында мәдени, патриоттық, кәсіптік бағдарлау іс-шаралары өз жалғасын таба береді деп сенеміз.

02_06_8

02_06_9

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

Е. Акимжанов