Кемеңгер қарт Кенжебай

Желтоқсан  айының 1 –ші жұлдызында  ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы  Қостанай  академиясының  2 –курс  курсанттары және курс басшылығы  сондай–ақ  «қылмыстық атқару жүйесі» кафедрасының оқытушысы  Акимжанов Ерик  Сериковичпен бірге «ҚР Тұңғыш Президенті күні»  мерекесіне орай қайырымдылық, сый –құрмет, алғыс көрсету мақсатында  ІІМ — нің зейнеттегі полиция майоры  Жангужин Кенжебай қарттың үйіне арнайы барды. Сексенді сеңгірген  Кенжебай атамыз көп балалы отбасында дүниеге келген. Отбасында 13 баланың ең кенжесі болған екен. Зейнеткер қариямыз өзінің осы ІІМ–гі қызмет  өміріндегі барлық оқиғаларды, атқарған жұмыстарын, көрсеткен қызметтерін күні кеше болғандай етіп, үтір – нүктесіне  дейін сөзінің майын келтіріп тұрып баяндап берді. Сонымен қатар ол кісі, осы өткен қызметтік ғұмырында алған барлық алғыс хаттарын, мақтау қағаз – мадақтамаларын , грамоталарын қызықтыра көрсетіп, сол кезде естелікке түскен суреттерін қай күні, қай жерде, кімдермен түскеніне дейін екжей – текжейлі, айнымай айтып берді. «Ең үздік қызметкер» атағын иеленгенін, министірдің өзі бұл кісіге атақ бергенін, барлығын  бүге – шүгесіне дейін баяндап берді. Сондай – ақ өте қайырымды жан болған бұл адам өмірінде ауруларға, жағдайы нашарларға әрдайым қаржылай болса да көмек қолын созып отырған екен.  Кенжебай  атамыз отбасында бірнеше ұл – қыз тәрбиелеп, олардан қазірде немере, шөберелер сүйіп отыр.

Бұл жүздесуде әбден шер тарқатқан Кенжебай атамыз курсантарымызға, офицерлрімізге шексіз алғыстарын айтып, өзін осы мерекеге орай елеп – ескеріп келіп отырғандарына қатты ризашылығын білдіріп, батасын берді. Өз кезегінде нағыз қызметтік өмірдің  сабағын алған курсанттарымыз ол кісінің дарындылығына, сексенді сеңгірген қарт болса да, есте сақтау қабілетінің өте мықтылығын таңдана, жетістіктерін жарыса айтып берді және Кенжебай қартқа шын жүректен өз сыйлықтарын тарту етті.

02_02_1 02_02_2 02_02_3 02_02_4

02_02_5