Академиялықтар — Елбасының күнін атап өтті

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күні барша қазақстандықтан ел болып тойлайды.  Айтулы шараны Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы да бір адамдай ауызбіршілікпен салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

2016 жылғы 30 қараша күні Академияның акт залында «ҚР Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында оқу орнымыздың басшысы полиция полковнигі Мирлан Қызылов академияның қызметкерлерін және курсанттарды аталмыш мерекемен құттықтады.

  • Құрметті Академия ұжымы, офицерлер және курсанттар!

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Бұл айтулы дата биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Бұл тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.

Құрметті әріптестер, Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбіріңіздің отбасыңызға – мол табыс, бақ-дәулет тілеймін! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын –деді Мирлан Ахмедияұлы Қызылов мырза.

Мирлан Ахмедияұлы сахна төрінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың атынан келіп түскен «құрмет» грамоталарды қызметкерлерге табыстады. Министрдің құттықтауынан кейін, Академия бастығының бұйрығымен жарияланған алғыс хаттарды және кейбір уақыты келген қызметкерлерге арнайы шендерін берді.

Салтанатты іс-шара соңы курсанттардың еңбегімен дайындалған көңілді концертке   ұласты. Курсанттар ұлағатты ұстаздарына құттықтаулар айтып, Тұңғыш Президент күнімен барша қонақтарды құттықтап, әннен шашу шашып, күбірлеген күйлер төгіп, мың бұралған бишілер өнер көрсетті.

Елімізде енді ғана тойланып келе жатқан «Тұңғыш Президент күні» барша қазақстандықтардың мәңгі тойланатын мерекесіне айналып, Елбасын ұлықтау тойының ғұмыры ұзақ болғай дейміз. Елбасымызға сабырлық, еліміз тыныштық тілейміз.

Академияның баспасөз қызметі және тәрбие жұмысы бөлімі

01_03_1 01_03_9 01_03_8 01_03_7 01_03_6 01_03_5 01_03_4 01_03_3 01_03_2